Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ Редактор 08.03.2023 10945 1 оқу мин Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гендерлік тендікті сақтау, әйелдерді жұмыспен қамту және олардың денсаулығы мәселелері мен еліміздегі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары қаралды. ✅Шымкентте «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру» жобасы іске асырылуда. Әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған кешенді іс шаралар да өз нәтижесін беруде. Қалада ана өлімі көрсеткіші былтыр 15,6-ға дейін төмендеді. ????Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы қаладағы 4 репродукция орталығы арқылы іске асырылады. Сонымен қатар алдағы уақытта 200 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарланып отыр. ????Әйелдерді жұмыспен қамту шаралары да жұмыссыздық деңгейін төмендетуде. Жыл басынан бері мемлекет қолдауымен жұмыспен қамту шараларына 11 мыңнан астам адам қатысқан болса, жартысына жуығын қыз-келіншектер құрайды. ????Мегаполис мектептерінде қауіпсіздік шаралары да толық қамтылған. Заманауи талаптарға сай бейнебақылау жүйелері және дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Білім ғимараттарында мамандандырылған күзет жұмыс істейді. ????Қала мектептеріндегі сыртқы әжетхана түбегейлі жойылып, білім ұйымдарының аулалалары толығымен жарықтандырылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8709 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6047