Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ Редактор 08.03.2023 13669 1 оқу мин Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гендерлік тендікті сақтау, әйелдерді жұмыспен қамту және олардың денсаулығы мәселелері мен еліміздегі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары қаралды. ✅Шымкентте «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру» жобасы іске асырылуда. Әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған кешенді іс шаралар да өз нәтижесін беруде. Қалада ана өлімі көрсеткіші былтыр 15,6-ға дейін төмендеді. ????Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы қаладағы 4 репродукция орталығы арқылы іске асырылады. Сонымен қатар алдағы уақытта 200 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарланып отыр. ????Әйелдерді жұмыспен қамту шаралары да жұмыссыздық деңгейін төмендетуде. Жыл басынан бері мемлекет қолдауымен жұмыспен қамту шараларына 11 мыңнан астам адам қатысқан болса, жартысына жуығын қыз-келіншектер құрайды. ????Мегаполис мектептерінде қауіпсіздік шаралары да толық қамтылған. Заманауи талаптарға сай бейнебақылау жүйелері және дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Білім ғимараттарында мамандандырылған күзет жұмыс істейді. ????Қала мектептеріндегі сыртқы әжетхана түбегейлі жойылып, білім ұйымдарының аулалалары толығымен жарықтандырылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018