Әлеумет ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ Редактор 10.03.2023 11411 1 оқу мин Ұлыстың ұлы күнімен тұспа тұс келетін сайлауда жаңа Қазақстанның жаңашыл азаматтарына дауыс береміз деген сеніммен отырмыз. Сол үшін 19 наурызды ел тарихындағы елеулі күндердің қатарында деп есептеймін. Лайым игі бастамаларға жол ашқан сайлау болсын. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына үміткерлерді таңдау арқылы біз жаңа да әділетті Қазақстанның іргетасын қалаймыз. Сондықтан бұл науқанды халық пен билік арасына алтын көпір орнатуға арналған маңызды қадам деп түсінуге тиіспіз. Бүгінде көпшілік арасында сайлау тақырыбы қызып тұр. Халықтың таңдауы әділетті Қазақстан десек, осы жолда бұл сайлаудың бұрынғыға қарағанда жөні бөлек екенін сайлаушылар жақсы біліп отыр. Осы ретте халық сенімі мен ықыласына ие болған азаматтар көш бастаса, елдің тұрмыстық-экономикалық әлеуеті артып, Қазақстан әлемдегі жетекші елдердің қатарынан ойып тұрып орын алатыны анық. Сайлау барынша ашық әрі әділ өтеді деп ойлаймын. Солай болуы тиіс. Сондықтан да, барша жерлестерді, қазақстандық азаматтарды 19 наурызда ел болашағын айқындайтын жауапты күнге белсенді түрде қатысуға шақырамын! Мәлік ДӘУЛЕТОВ, «Түркістан медиа» ЖШС директоры Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 2429 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39488 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37454