Әлеумет ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ Редактор 10.03.2023 17057 1 оқу мин Ұлыстың ұлы күнімен тұспа тұс келетін сайлауда жаңа Қазақстанның жаңашыл азаматтарына дауыс береміз деген сеніммен отырмыз. Сол үшін 19 наурызды ел тарихындағы елеулі күндердің қатарында деп есептеймін. Лайым игі бастамаларға жол ашқан сайлау болсын. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына үміткерлерді таңдау арқылы біз жаңа да әділетті Қазақстанның іргетасын қалаймыз. Сондықтан бұл науқанды халық пен билік арасына алтын көпір орнатуға арналған маңызды қадам деп түсінуге тиіспіз. Бүгінде көпшілік арасында сайлау тақырыбы қызып тұр. Халықтың таңдауы әділетті Қазақстан десек, осы жолда бұл сайлаудың бұрынғыға қарағанда жөні бөлек екенін сайлаушылар жақсы біліп отыр. Осы ретте халық сенімі мен ықыласына ие болған азаматтар көш бастаса, елдің тұрмыстық-экономикалық әлеуеті артып, Қазақстан әлемдегі жетекші елдердің қатарынан ойып тұрып орын алатыны анық. Сайлау барынша ашық әрі әділ өтеді деп ойлаймын. Солай болуы тиіс. Сондықтан да, барша жерлестерді, қазақстандық азаматтарды 19 наурызда ел болашағын айқындайтын жауапты күнге белсенді түрде қатысуға шақырамын! Мәлік ДӘУЛЕТОВ, «Түркістан медиа» ЖШС директоры Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5553 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961