Әлеумет ТҮРКІСТАН: АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ Редактор 10.03.2023 10096 1 оқу мин Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты кең дәріптеу мақсатында жиын өтті. Түркістан өңіріне қарасты 100-ден аса дін өкілі мен мешіт имамын қамтыған келелі басқосуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов пен оның орынбасары Сәбит Асылбек, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы қатысты. Парақорлықтың мемлекет дамуына тигізер салдары мен зардабы кең талқыланған игі басқосуда асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың өтемі ауыр екендігі кең баяндалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде діни бірлестіктер мен имамдардың тигізер үлесі жоғары екендігі баса атап өтілді. «Облыс аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде және тұрғындар арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда – діни бірлестіктердің қосар үлесі мол. Сол себепті, қоғам індетіне қарсы күрес жүргізуде Сіздермен бірлесе жүйелі жұмыстар атқаруға басымдық берудеміз. Киелі Түркістан өңірін сыбайластықтан таза, жемқорлықтан таза мекенге айналдыру мақсатында өздеріңізбен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз», — деп сөзін қорытындылады Ержан Жүнісов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 19937 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 26870 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32703