Әлеумет ТҮРКІСТАН: АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ Редактор 10.03.2023 13157 1 оқу мин Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты кең дәріптеу мақсатында жиын өтті. Түркістан өңіріне қарасты 100-ден аса дін өкілі мен мешіт имамын қамтыған келелі басқосуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов пен оның орынбасары Сәбит Асылбек, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы қатысты. Парақорлықтың мемлекет дамуына тигізер салдары мен зардабы кең талқыланған игі басқосуда асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың өтемі ауыр екендігі кең баяндалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде діни бірлестіктер мен имамдардың тигізер үлесі жоғары екендігі баса атап өтілді. «Облыс аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде және тұрғындар арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда – діни бірлестіктердің қосар үлесі мол. Сол себепті, қоғам індетіне қарсы күрес жүргізуде Сіздермен бірлесе жүйелі жұмыстар атқаруға басымдық берудеміз. Киелі Түркістан өңірін сыбайластықтан таза, жемқорлықтан таза мекенге айналдыру мақсатында өздеріңізбен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз», — деп сөзін қорытындылады Ержан Жүнісов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6200 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592