Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖЕР САҒАТЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ Редактор 27.03.2023 21473 1 оқу мин 2023 жылдың 25 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтті. Бүкіл әлем бір сағатқа электр қуатын өшірді. Акцияның мақсаты – ғаламшар тұрғындарын табиғатқа және оның ресурстарына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Жыл сайын бұл акцияға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Қазақстан үшін «Жер сағаты» биыл 14-ші рет өткізіліп отыр. Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты символдық түрде өшіреді. Сонымен қатар әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді. Акцияға елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдау көрсетеді. Бұл акцияға Түркістан облысы да белсенді қатысты. Өңір аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар аталған шараға қызу атсалысты. Атап айтар болсақ, олар: «Қаратау» ЖШС, «Шетелдік инвестициялардың қатысуымен Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны және «Заречное»» акционерлік қоғамы, «Орталық» тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Катко» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» ШЖС, «Оңтүстік тау-кен химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 4545 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 40843 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 38676