Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖЕР САҒАТЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ Редактор 27.03.2023 29866 1 оқу мин 2023 жылдың 25 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтті. Бүкіл әлем бір сағатқа электр қуатын өшірді. Акцияның мақсаты – ғаламшар тұрғындарын табиғатқа және оның ресурстарына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Жыл сайын бұл акцияға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Қазақстан үшін «Жер сағаты» биыл 14-ші рет өткізіліп отыр. Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты символдық түрде өшіреді. Сонымен қатар әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді. Акцияға елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдау көрсетеді. Бұл акцияға Түркістан облысы да белсенді қатысты. Өңір аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар аталған шараға қызу атсалысты. Атап айтар болсақ, олар: «Қаратау» ЖШС, «Шетелдік инвестициялардың қатысуымен Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны және «Заречное»» акционерлік қоғамы, «Орталық» тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Катко» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» ШЖС, «Оңтүстік тау-кен химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5553 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961