Әлеумет ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ЖАС ЗІЛТЕМІРШІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ Редактор 31.03.2023 10723 1 оқу мин Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына үш медаль түсті. Қыздар арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дарья Балабюк қола медаль иеленді. Ол жұлқа көтеруден үздік үштікке енген. Дарьяның нәтижесі — 175 келі (78+97 келі). Сондай-ақ ерлер арасындағы сында Шардара ауданының жас спортшысы Нұрасыл Арапбай (67 келі салмақ дәрежесі) 266 келіні еңсеріп, жалпы есепте төртінші орын алды. Ал жұлқа көтеруде кіші қолаға иелік етті. Тағы бір отандасымыз Нұрдос Сабыр 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, жүлдегер атанды. Қоссайыс қорытындысында 321 келіні (145+176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді. Айта кетейік, 1 сәуірге дейін жалғасатын дүбірлі додада еліміздің атынан 11 ауыр атлет қатысып жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 20341 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 27120 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32938