Әлеумет ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ЖАС ЗІЛТЕМІРШІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ Редактор 31.03.2023 14407 1 оқу мин Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына үш медаль түсті. Қыздар арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дарья Балабюк қола медаль иеленді. Ол жұлқа көтеруден үздік үштікке енген. Дарьяның нәтижесі — 175 келі (78+97 келі). Сондай-ақ ерлер арасындағы сында Шардара ауданының жас спортшысы Нұрасыл Арапбай (67 келі салмақ дәрежесі) 266 келіні еңсеріп, жалпы есепте төртінші орын алды. Ал жұлқа көтеруде кіші қолаға иелік етті. Тағы бір отандасымыз Нұрдос Сабыр 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, жүлдегер атанды. Қоссайыс қорытындысында 321 келіні (145+176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді. Айта кетейік, 1 сәуірге дейін жалғасатын дүбірлі додада еліміздің атынан 11 ауыр атлет қатысып жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5553 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961