Әлеумет Жарапазан айтып жүрген 57 жасөспірім анықталды Редактор 04.04.2023 16339 1 оқу мин Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз жүруінің алдын алу бойынша іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында жастар көп шоғырланатын орындарға рейд жүргізді. Шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз жүрген 140 жасөспірім анықталды. Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 83 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, сағат 20:00 мен 23:00 аралығында дәмхана, мейрамхана аумақтарында және көше қиылыстарында жарамазан айтып жүрген 57 жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қадағалаусыз жүрген 9 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесу өткізіп, түнгі уақытта дәмхана, мейрамхана аумақтарында және көше қиылыстарында жарамазан айту баланың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіпті екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 7691 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 43588 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 41283