Әлеумет Жарапазан айтып жүрген 57 жасөспірім анықталды Редактор 04.04.2023 21174 1 оқу мин Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз жүруінің алдын алу бойынша іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында жастар көп шоғырланатын орындарға рейд жүргізді. Шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз жүрген 140 жасөспірім анықталды. Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 83 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, сағат 20:00 мен 23:00 аралығында дәмхана, мейрамхана аумақтарында және көше қиылыстарында жарамазан айтып жүрген 57 жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қадағалаусыз жүрген 9 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесу өткізіп, түнгі уақытта дәмхана, мейрамхана аумақтарында және көше қиылыстарында жарамазан айту баланың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіпті екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018