Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛАДЫ Редактор 06.04.2023 14072 Түркістан облысында балалар футболы қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында жасөспірімдерге арналған футбол акамедиясы ашылады. Қазіргі таңда құжаттары әзірленіп жатыр. Бұл туралы брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев мәлімдеді. Бұдан бөлек басқарма басшысы Түркістан қаласындағы Туризм және меймандостық университетінде биыл спорттық туризм факультеті ашылатынын мәлімдеп, өңірдің спортшыларының жетістіктеріне тоқталды. — Түркістан облысында республикалық және халықаралық чемпионаттардың қорытындысы бойынша 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 ҚР спорт шебері және 44 спорт шеберіне кандидат спортшылар дайындалды. Сонымен қатар, өткен жылы ұлттық құрамаға облыстан жалпы 429 спортшы енген болатын. Қазіргі таңда саңлақтарымыз 2024 жылы өтетін Париж олимпиадасына қызу дайындық үстінде, — деді басқарма басшысы. Қазіргі таңда облыста 4 647 спорт ғимараттары тіркелген. Облыс орталығында былтыр халықаралық теннис орталығы ашылды. Биыл Түркістанда Мұз сарайы мен Ескек есу каналы пайдалануға берілмек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 39203 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 38028 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 37710