Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛАДЫ Редактор 06.04.2023 20088 Түркістан облысында балалар футболы қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында жасөспірімдерге арналған футбол акамедиясы ашылады. Қазіргі таңда құжаттары әзірленіп жатыр. Бұл туралы брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев мәлімдеді. Бұдан бөлек басқарма басшысы Түркістан қаласындағы Туризм және меймандостық университетінде биыл спорттық туризм факультеті ашылатынын мәлімдеп, өңірдің спортшыларының жетістіктеріне тоқталды. — Түркістан облысында республикалық және халықаралық чемпионаттардың қорытындысы бойынша 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 ҚР спорт шебері және 44 спорт шеберіне кандидат спортшылар дайындалды. Сонымен қатар, өткен жылы ұлттық құрамаға облыстан жалпы 429 спортшы енген болатын. Қазіргі таңда саңлақтарымыз 2024 жылы өтетін Париж олимпиадасына қызу дайындық үстінде, — деді басқарма басшысы. Қазіргі таңда облыста 4 647 спорт ғимараттары тіркелген. Облыс орталығында былтыр халықаралық теннис орталығы ашылды. Биыл Түркістанда Мұз сарайы мен Ескек есу каналы пайдалануға берілмек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018