Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі – азаматтардың әл-ауқатын көтеру, азаматтардың денсаулығын сақтау. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып келеді. Президент ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Түркістан облысында аталған жоба бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беріліп жатыр. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Файзулла Байдуллаевтің айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 7,9 млрд. теңгенің өтініштері қабылданған. Оның ішінде мақұлданған жобалар – 5 млрд. теңгені, қаржыландырылған жобалар 1,1 млрд. теңгені құрап отыр. Тұрақтандыру қорына 2022 жылы 1,0 млрд. теңге және 2023 жылдың ақпан айында 3,4 млрд. теңге бөлінді. Оның 4,4 млрд. теңгесі «Айналым схемасы» бойынша жұмсалып, бағаны тұрақтандыруға бағытталған. Тұрақтандыру қорындағы өнімдер 2022 жылы 19 сауда нүктесінде (13 әлеуметтік дүкен, 6 супермаркетте) сатылса, қазір 50 сауда орнында сатылуда. Осы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткішті 80-ге жеткізу жоспарлануда. Түркістан қаласының келбетіне лайық, көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендердің санын 50-ге жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні 19 әлеуметтік дүкеннің құрылысы аяқталып, 10-ы пайдалануға берілген. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ-ның құрамындағы қаржылық ұйымдардың көрсеткіштері, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру басты назарға алынған. Бүгінгі таңда жалпы құны 35,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып жатыр. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның таза табысы 480,0 млн. теңгені құрады. Жыл қорытындысы жоспар бойынша 1,5 млрд теңгені құрайды деп көзделіп отыр. Ерлан Өтелов, Еңбек ардагері, Сарыағаш ауданының тұрғыны