Әлеумет Жекеменшік мектеп салудан облыста Сайрам ауданы көш бастап тұр Редактор 05.10.2023 7966 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында «Ұстазыма мың алғыс!» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Сабитов қатысып, білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, ең үздік мектеп мұғалімдерін марапаттады. – 5 қазан күні дүниежүзіндегі 100-ден аса елде мұғалімдер күні мерекесі тойланады. Ұстаз – ұлағатты есім! Мұғалімге артылар міндет ауыр екені белгілі. Ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілік. Бүгінде ауданда 64 990 оқушы бар, ал мұғалімдер саны 7867-ге жетті. Мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, – деді аудан әкімі. Жалпы ауданда білім саласында 96 мектеп бар болса, оның 74-і мемлекеттік, 22-сі жекеменшік. Жаңа оқу жылында 2966 орындық 6 жекеменшік мектеп іске қосылды. Облыстағы жекеменшік мектептердің саны 112 болса, соның 19,6%-ы ауданның үлесінде. Яғни, жекеменшік мектеп салудан облыста Сайрам ауданы көш бастап тұрған аудандардың бірі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 8515 Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 1 оқу мин Әлеумет Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 04.07.2025 7217 Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 03.07.2025 8124