Әлеумет Білім беру саласына қосқан үлесі үшін… Редактор 05.10.2023 21622 1 оқу мин Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістан облысына қарасты Келес ауданында «Ұстазыма мың алғыс» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев және ауданға қарасты барлық аймақтардан 500-ге жуық ардагер ұстаздар, аудан басшылығы, кәсіподақ төрағалары, педагогтар мен жас мамандар, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу алаңында білім беру саласына қосқан үлесі үшін 50-ге жуық ұстаз марапатталды. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған шараны аудан әкмінің орынбасары Даурен Сариев ашып, білім саласында табанды еңбек еткен ұстаздарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Қазіргі таңда Келес ауданында мектептерде 3860, мектепке дейінгі ұйымдарда 1059 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыру үшін ауданда 17 жетекші мектеп 46 серіктес мектеп бар. Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 2833 КЕЛЕСТІК АҒАЙЫНДЫ ШАРУАЛАР ГҮЛДІҢ 50 ТҮРІН ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Әлеумет КЕЛЕСТІК АҒАЙЫНДЫ ШАРУАЛАР ГҮЛДІҢ 50 ТҮРІН ӨСІРЕДІ 13.03.2026 6181 ШЫМКЕНТ: ТАҒЫ 90 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТ: ТАҒЫ 90 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ 12.03.2026 8594