Әлеумет Білім беру саласына қосқан үлесі үшін… Редактор 05.10.2023 27241 1 оқу мин Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістан облысына қарасты Келес ауданында «Ұстазыма мың алғыс» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев және ауданға қарасты барлық аймақтардан 500-ге жуық ардагер ұстаздар, аудан басшылығы, кәсіподақ төрағалары, педагогтар мен жас мамандар, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу алаңында білім беру саласына қосқан үлесі үшін 50-ге жуық ұстаз марапатталды. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған шараны аудан әкмінің орынбасары Даурен Сариев ашып, білім саласында табанды еңбек еткен ұстаздарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Қазіргі таңда Келес ауданында мектептерде 3860, мектепке дейінгі ұйымдарда 1059 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыру үшін ауданда 17 жетекші мектеп 46 серіктес мектеп бар. Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018