Түркістан облысы, Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты “Ұрбұлақ” жалпы білім беру мектебінде 5-қазан “ Ұстаздар күні” мерекесіне орай, өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында “Дублер күні” өткізілді. Аталған мақсатты жүзеге асыруда өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ерекше қызығушылық танытып, белсенді ат салысты.Дублер күні оқушылар сабаққа ынта-ықыласпен дайындалып түрлі тәсілдермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді. Мектеп директорының қызметін атқарған 10 сынып оқушысы Тілепбек Нұрасыл “Дублер күнін” өз деңгейінде атқарды. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар “Дублер күні” алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қиыны мен қызығы туралы өзара пікір алмасты.Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс- тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды. Бұдан бөлек, Түлкібас ауданындағы «Ә. Науаи атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мекемесінде мектеп педагог-психологы К. Усембаеваның ұйымдастыруымен 8-11 сынып кыздар арасында әжелер кеңесінің төрайымы Г. Усембаева мен әжелер кеңесінің мүшесі А. Байгазиеваның қатысуымен «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Мақсаты : Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылармен сұрақ — жауап алмасып, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарасты. Бұдан кейін, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 05 қыркүйек күні Ұстаздар мерекесіне орай «Дублер күні» яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы, мектеп парламенті белсенділері жұмыстар жүргізіп жоспар түзді. Жоспар бойынша 9- 10-11 сынып оқушылары сабақ беретін мұғалімдерімен дайындық жасады. Дублер күнінің мақсаты — мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. Алдағы уақытта жолдарың ашық, арман тілектерің орындалсын құрметті шәкірттер!!! 06.10.2023 жылы Т. Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте 5-7 сынып жетекшілерімен ДОІЖО Жумабекова Гаухар Мубаракқызы мен Жаңабердиева Сания Нұрханқызы және ДТІЖО Бейсеева Махбал Егеубайқызының ұйымдастыруымен «5 сынып оқушыларын ортаға бейімдеу» тақырыбында пікірталас өткізілді. Мақсаты: 5 сынып оқушыларын орта буынға тез және жеңіл бейімдеу; бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту; талапқа сай тәртіп ережесін игеру; сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынасты, бірін-бірі түсінетін ұжымды қалыптастыру, ата-аналардың мектеппен жиі байланыс жасауын ұйымдастыру. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына сай , сыныптастарына үйренсе де, бейімделу үрдісі бірден қалыптаспайды. Сынып жетекшілер қандай шешу жолдары бар деген сұрақтарға өз ойларын айтып кетті.5 сыныптардың қайтадан жаңа әлеуметтік ортаға, жаңа сынып жетекшіге, пән мұғалімдеріне үйрену барысы туралы мәселелер қарасытырылды. Осы орайда оқушыларға психологиялық қолдаудың маңызды екені айтылды.Оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы қарым- қатынасты күшейту іс-шараларын ұйымдастыру, бар күш жігерді орта буынға салу барысында жоғарғы буынға келгенде қандай керемет сыныптар қалыптасатындығы айтылды. «Адам тәрбие нысанасы» Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек.