Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы «№31 Береке жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6 қазан аралығында ағылшын тілі пән апталығы болып өтті. Апталықтың соңғы күні 06.10.2033 ж. ағылшын тілі пәні мұғалімі Ізмұхан Тоқжан “Traditional stories” тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: Ағылшын тілін түсінуді үйрету, алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу; ой-өрісін кеңейту; логикалық ойлауды дамыту; тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс істеуді білу, ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін түрлі көрнекіліктер: плакаттар, шарлар, суреттер, тәттілер, қиынды қағаздар қолданылды. Сабақтың басында «Good luck» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп ынтымақтастық атмосферасын құрып алды. Сабақ барысында балалар екі топқа бөлінді, оқушылар постер жасап, диологтық тапсырмалар орындады. Оқыту мен оқытылу үдерісінде айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым дағдылары қамтылды. Қорытынды ретінде «Success mail» әдісі арқылы оқушылар сабақтан кейінгі алған әсерлерін көрсетіп кері байланыс берді. Сабаққа енген бақылаушылар сабақтың өз деңгейінде өткенін, әдіс-тәсілдердің тиімді пайдаланғанын айтты.