Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады. Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, оқу мәдениетін насихаттау, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында республикалық «Балалар әлемі» жобасының аудандық кезеңіне Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінің 3 сынып оқушысы қатысып, жүлделі орынмен марапатталды. 8-сынып оқушысы Айдархан Әмина ІІІ орын, жетекшісі Жұмагұлова Жанар 9-сынып оқушысы Шәмірбек Ұлпан ІІІ орын, жетекшісі Қойшыбаева Гүлнұр 10-сынып оқушысы Мамырайм Жанерке ІІІ орын, жетекшісі Алиева Дәрікүл Шәкірттердің алар асулары алда, бұдан да жоғары деңгейде мүмкіндіктерін көрсетеді деген сенім мол. Алдағы уақытта осы бағыттағы байқаулар жалғасын табатын болады. Кітап оқуға құштар, алған білімін бойына сіңіріп, қажетіне жарататын білімді оқушылар қатары артып келеді. Оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталған шаралар жыл бойы жалғасатын болады.