Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ақыл ой белсенділігін жақсартады. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген құштарлығын оятуға итермелейді. Сондай-ақ, кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Денри Дидроның «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген сөзі бар. Толстой өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп пікір білдірсе, Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп шегелейді. Соңғы әлетте кітап оқуға құштарлықты арттыруға бағытталған іс шаралар көптеп ұйымдастырылуда. «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөлімінің «С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқуға құштар мектеп» аясында 9.10-13.10 аралығында «Кітап арқылы ашылатын сырлы әлем» атты апталықтың ашылу салтанаты, өз дәрежесінде өтілді.Ұстаздар мен оқушылар белсене қатысты.