Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде оқушылардың логикалық ойлауын тереңдету, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің қазан айының 9-20 аралығында «Тіл – ұлттың жаны» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын жырлағандай, аталған білім ордасының басшысы Сапаров Жанат Әуелтайұлы сөз алып, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен ақын-жазушыларымыздың өлшеусіз еңбектерін өскелең ұрпаққа қазақ тіліміз – ең басты байлығымыз екенін айта келе, қазақ тілі тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі іс-шара жоспары бойынша сабаққа белсене қатысуға, шақырды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Демеуова Ғалия онкүндік барысында өткізілетін іс-шаралар арқылы жасөспірімдердің пәнге деген қызығушылықтары артып, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейтін, әрбір оқушы өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруі міндетті екенін яғни, оқушыларға шабыт сыйлайтынын, іс-шара жоспары бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар уақытылы өтетінін айтып өтті. Сонымен қатар, онкүндіктің ашылу салтанатында оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсене атсалысып, сұрақтарға жауап беріп, ынталандыру сыйлықтарын алды.