Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында түрлі этнос өкілдерінің жастары арасында «Ұлттық тағам қазақ дастарханы» атты байқауы өтті. Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «BAGLAN GROUP» қоғамдық қорының аудандағы түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлттық тағам қазақ дастарханы» атты байқауы өтті ұйымдастырылып өткізілді. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты аудан аумағындағы түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, құрметтеу, сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық тағамдарын дәріптеу, өскелең ұрпақ бойына дұрыс тәлім-тәрбие беріп, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Аудан аумағынан байқауға жалпы 5 мектеп сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға сала білді. Жарыс нәтижесі бойынша; І орын – Жеңіс ЖББМ-нің оқушылары, ІІ орын – М.Х.Дулати ЖББМ-нің оқушылары, ІІІ орын – №16 Ш.Уалиханов ЖББМ-нің оқушылары, IV орын – Әл-Фараби ЖББМ-нің оқушылары, V орын – Сұлтан-Рабат ЖББМ-нің оқушылары иемденіп, сайысқа қатысушы жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, іс-шараға оқушыларды дайындаған мектептің жетекші мұғалімдері аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Қойбағаров пен аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевтың арнайы алғыс хаттары табысталды.