Әр мұғалім заман талабына сай өз білімін жетілдіріп отыруды мақсат тұтады. Бүгінгі күнде ғылым мен техниканың дамып, жаңашылдыққа бейім қоғамда өмір сүрудеміз. Демек осы заманға сай ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу-ұстаздарға басты міндет. Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы №39«Асықата» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әділбаева Алмагүл Камалқызы математика сабағында «Plickers(Пликерс)» платформасын қолданып, тақтада берілген сұрақтарға оқушылар штрихталған код арқылы қызыға жауап берді. Алмагул Камалқызы әрдайым өзінің шығармашылық ізденісте жүреді. Оның сабағына оқушылар қызыға қатысады. Бұдан бөлек, Жетісай ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 қазанында 9 — 10 сынып оқушыларына арналған «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық сайысының аудандық іріктеу кезеңі өтіп, Ш.Құдайбердиев атындағы №32 ЖББМ — нен сайысқа қатысқан 10″А» сыныбының оқушысы Жаңабай Сәлима жүлделі ll орынды иеленді. Дайындаған мұғалімі тарих пәні бірлестігінің жетекшісі Уразова Рано Мусақызы. Аталған сайыстың негізгі мақсаты: Туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау. Жаңабай Сәлима сайыстың шартына сәйкес l турда қазақстан тарихы сұрақтарынан тест орындап 21 ұпай жинаса, ll тур «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы бойынша елді мекеннің тарихына байланысты ең жоғары ұпай 40 балл жинады. Оқушымыздың жетістігі ұжымдағы барлық әріптестер үшін де үлкен қуаныш. Шәкірттерге сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келе жатқан Уразова Рано шығармашылық жолында табысты болып, алдағы уақыттарда да оқушыларының биік белестерден көріне беретініне сенім мол.