Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы білім бөлімінің «Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог-психолог А.Исаева мен А.Ермағамбетова жас мамандармен жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау және қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Жас маман, алға бас қадам!» тақырыбында тренинг өтті. Түрлі ойындар мен танымдық шараларға қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат біліп, топ ішінде жағымды атмосфера құрды. Аталған тренингтің мақсаты-жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру болып табылады. Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді,соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделене түсуде. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезі бар мұғалім жоғары бағаланады. Сондықтан да аталған бағыттағы тренингтер алдағы уақытта да көптеп ұйымдастырылатын болады. Жас мамандар аға буын өкілдеріне тәжірибелі ұстаздарға алғыс айтты.