Жетісай ауданының білім бөлімінің «І. Есенберлин атындағы №54 жалпы орта мектебінде іс тәжірибе бөлісу семинары болып өтті. Жетісай ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Қазманбетова және І Есенберлин атындағы №54 ЖББМ -нің ДОІЖО А.Байымбетованың ұйымдастыруымен «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне дайындықты күшейту мақсатында 11 қазан күні іс-тәжірибе бөлісу семинары өткізілді. Семинарды мектеп директоры Г. Куатбекова ашып, алдағы өтетін халықаралық негізгі зерттеуге сәттілік тіледі. Осыған орай, Н.Оңдасынов атындағы №14, Н.Төреқұлов атындағы №13, Әл-Фараби атындағы №12, С.Ерубаев атындағы №56 жалпы білім беретін мектептердің халықаралық зерттеуге жауапты координаторы мен оқу сауаттылығы, жаратылыстану, математика пәндері мұғалімдері келіп қатысты. Жоспар бойынша ДОІЖО А. Байымбетова жалпы «Мектептерге арналған PIZA» халықаралық зерттеуінің өткізу жоспары, ұйымдастыру жұмыстары, атқарылған іс-шаралар жайында толықтай мағлұмат берді. Оқу сауаттылығы бойынша «Online Mektep платформасындағы BILIM CENTER бағдарламасының PIZA зерттеуінде кездесетін мәтін түрлерімен жұмыс жасау жолдары» тақырыбында С.Дауренбекова , «PIZA халықаралық зерттеуін жүргізу аясындағы оқушылардың математикалық сауаттылық тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында математика пәні мұғалімі А. Ахетова , «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуда PIZA тапсырмаларын беру арқылы, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін арттыру» тақырыбында химия-биология пәні мұғалімі Қазыханова Базаркүл , «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуда PIZA тапсырмаларын беру арқылы,оқушылардың география пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында география пәні мұғалімі Ф.Ырысбекова, «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуда PIZA тапсырмаларын беру арқылы,оқушылардың физика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында физика пәні мұғалімі Р. Айходжаева «Көркем еңбек пәні бойынша білім беру процесін жобалау және жүзеге асыру» тақырыбында көркем еңбек және кәсіптік бағдар беру пәнінің мұғалімі С. Аширбаева ұстаздарымыз өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында, Жетісай ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Қазманбетова ұстаздарға алғысын білдіріп, келешектегі жұмыстарына толағай табыстар тіледі. Мектебіміздің ұстаздары аудан ұстаздарына өз тәжірибесімен бөлісті. Одан бөлек ауданымыздың мектептерінен келген мұғалімдер өзінің ой-пікірі мен ұсыныстарымен бөлісті. Басқа да сұрақтар қойылып, мұғалімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына жетерлік деңгейде өз жауаптарын ала алды.