Қазақстандық ғылымды дамыту бүгінде күн тәртібінде тұрған мәселе болып отыр. Ғалымдарымыз түрлі ғылыми жобаларды зерттеп, ізденіс жолында тер төгуде. 2023 жылдың 12 қазанынан бастау алған Халықаралық Қорқыт Ата симпозиумының 13 қазан күні зум арқылы жабылу салтанаты болып өтті. Күллі Түркі әлемінің тарихи, ірі тұлғаларының бірі болып табылатын Қорқыт Ата мұрасы жайында 12-секция отырысында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан секілді Түркі Дүниесі ғалымдарының тың зерттеулері сараланды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институты директоры, доктор, профессор Бүлент Байрам Қорқыт Ата симпозиумы жабылу салтанатының алғашқы сөз кезегін филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ш.Ыбыраев мырзаға ұсынды. Ш. Ыбыраев: «Қорқыт Ата симпозиумы бұған дейін Стамбулда өткен болатын, енді Түркістанда өтуде. Бұл симпозиум Түркі Дүниесі үшін маңызға ие. Осы уақытқа дейін Қорқыт Ата кітабының 12 жыры Дрезден де табылған болса, 13-ші жыр Иранда табылды. Бұл да бір жақсы деңгей. Мұндай жаңалықтар алдағы уақытта да ашылуы мүмкін. Бүгінгі симпозиумды қорытындылай келе, Дрезден, Ватикан, Түркістан нұсқасын жинақтап, жаңа кезеңді белгілеген болдық» -деп өз ойын білдірді. Институт директоры док., профессор Бүлент Байрам: «Қорқыт Ата мұрасы жөнінде көп жаңа ақпараттарға ие болдық. Док., профессор Метин Екижи мырзаның да Қорқыт Ата еңбегі қазақ тіліне аударылуда, алдағы уақытта жаңа жазбалар күтеміз» — деп сөзді док., профессор Метин Екижи мырзаға ұсынды. Түрколог ғалым: «Міне, Түркістан төрінде бір керемет симпозиумның куәсі болып отырмыз. Қорқыт Ата жөнінде жаңа ой-пікірлерге, жаңа ізденістерге куә болып отырмыз. Қорқыт Ата кітабының Дрезден, Ватикан, Түркістан нұсқаларының жарыққа шығуы бір қуантқан болса, төртінші жазбасының Ираннан табылуы біз үшін тағы да қуанышты жағдай. Қорқыт Ата мұрасы Түркі Дүниесі үшін маңызға ие бірден-бір тұлға. Оның мұрасы әлі де зерттелу үстінде» -дей келе сөзді институт директорына ұсынды. Институт директоры док., профессор Бүлент Байрам Түркі Дүниесінен Халықаралық Қорқыт Ата симпозиумына қатысушы барлық ғалымдарға үлкен алғысын білдірді. 2023 жылдың 12 қазанынан бастау алған Халықаралық Қорқыт Ата симпозиумының 13 қазан күні зум арқылы жабылу салтанаты болып өтті. Күллі Түркі әлемінің тарихи, ірі тұлғаларының бірі болып табылатын Қорқыт Ата мұрасы жайында 12- секция отырысында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан секілді Түркі Дүниесі ғалымдарының тың зерттеулерін тыңдадық. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институты директоры, док., профессор Бүлент Байрам Қорқыт Ата симпозиумы жабылу салтанатының алғашқы сөз кезегін ф.ғ.к., профессор Ш.Ыбыраев мырзаға ұсынды. Ш. Ыбыраев: «Қорқыт Ата симпозиумы бұған дейін Стамбулда өткен болатын, енді Түркістанда өтуде. Бұл симпозиум Түркі Дүниесі үшін маңызға ие. Осы уақытқа дейін Қорқыт Ата кітабының 12 жыры Дрезден де табылған болса, 13-ші жыр Иранда табылды. Бұл да бір жақсы деңгей. Мұндай жаңалықтар алдағы уақытта да ашылуы мүмкін. Бүгінгі симпозиумды қорытындылай келе, Дрезден, Ватикан, Түркістан нұсқасын жинақтап, жаңа кезеңді белгілеген болдық» -деп өз ойын білдірді. Институт директоры доктор, профессор Бүлент Байрам: «Қорқыт Ата мұрасы жөнінде көп жаңа ақпараттарға ие болдық. Док., профессор Метин Екижи мырзаның да Қорқыт Ата еңбегі қазақ тіліне аударылуда, алдағы уақытта жаңа жазбалар күтеміз» — деп сөзді док., профессор Метин Екижи мырзаға ұсынды. Түрколог ғалым: «Міне, Түркістан төрінде бір керемет симпозиумның куәсі болып отырмыз. Қорқыт Ата жөнінде жаңа ой-пікірлерге, жаңа ізденістерге куә болып отырмыз. Қорқыт Ата кітабының Дрезден, Ватикан, Түркістан нұсқаларының жарыққа шығуы бір қуантқан болса, төртінші жазбасының Ираннан табылуы біз үшін тағы да қуанышты жағдай. Қорқыт Ата мұрасы Түркі Дүниесі үшін маңызға ие бірден-бір тұлға. Оның мұрасы әлі де зерттелу үстінде» -дей келе сөзді институт директорына ұсынды. Институт директоры доктор, профессор Бүлент Байрам Түркі Дүниесінен Халықаралық Қорқыт Ата симпозиумына қатысушы барлық ғалымдарға үлкен алғысын білдірді.