Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі бойынша оқушылардың «Шапағат» атты өзін-өзі басқару парламентімен мақсат, міндеттерімен құқықтары жайында педагог ұйымдастырушы Е. Байтемиров түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Мақсаты білім сапасын арттырудан бөлек, білім алушыдардың бойында азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Міндеттері білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысу нақты мүмкіндік беру. Ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру. Әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту. Өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту. Өзін-өзі басқару жұмысындағы құндылықтары; Адами ар-ожданы, иманжүзді азамат қалыптастыру. Отан, туған өлкеге құрмет. Денсаулық салауатты өмір. Еңбек, экономика. Білім, ғылым, өнер. Мәдени мұра, құқық, тарих, шежіре. Мектеп парламенті 8 фракция бойынша жұмыс жасайды. Олар: Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы; Қамқорлық фракциясы; Дебат қозғалысының фракциясы; Құқық және тәртіп фракциясы; Ақпарат фракциясы; Спорт және салауатты өмір салты фракциясы; Мәдениет және өнер фракциясы; Экология және еңбек фракциясы. Ұйымдастырылатын шаралардың негізгі бағыттары спорт, әлеуметтік жұмыс, мәдени, жауапкершілікті арттыруға. Ұйым құрамындағы әрбір оқушы өз бағытының үздігі. Жұмыс жасау барысында біз оқушылардың мүдделерін қорғап, ойларын ескереміз.