Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына өтуге байланысты, бүгінде қабылданған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар мен нақты міндеттер жетерлік. Ұлттық жоба мектепке дейінгі, орта мектептегі және ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бағдарлама. Мұндағы негізгі бес міндет білім беру бағытының барлық саласын қамтиды, яғни, ¬¬мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету; орта білім беру сапасын арттыру; мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету; қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету; Қазақстандық ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру – еліміздің білім деңгейін арттыруға септігін тигізетіні анық. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы Түркістан облысында нәтижелі жүзеге асырылуда. Соның арқасында түркістандық оқушылар жақсы жетістіктерге жетіп жүр. 2022-2023 оқу жы¬лында Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Созақ гимназиясының оқушы¬лары арасында мектеп абыройы¬н асқақтатып, жетістікке жеткен шәкірттер жетерлік. Солардың қатарында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХVI республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінен ІІ орын иеленген 4″Б» сынып оқушысы Қуанышбек Дәулетхан (жетекшісі Шөкенова Қалдыкүл), республикалық Дарын олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІ орынмен марапатталған 6″А» сынып оқушысы Пәрмен Жаннұр (жетекшісі Арыстанбек Ақнұр), республикалық Дарын олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленген 7″Б» сынып оқушысы Сайлау Іңкәр (жетекшісі Нұржанбаева Динара) бағалы сыйлықтарын мектеп директоры міндетін атқарушы Н.Сейтмаханұлы табыстады. Мектеп ұстаздары жасампаз еліміздің жас қырандарына білім мен ғылым шыңын бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.