Ғылым мен техниканың жедел дамыған заманында адамның ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастыратын, қабілетін, талантын дамытатын, жүзеге асыратын — мұғалім. Нағыз мұғалім болу — үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Түркістан облысы Білім басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша колледж жанынан құрылған «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім-тәжірибе-іскерлік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда сапалы білім берудің аспектілері: әдіс-тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында өңірлік семинарға қатысушылар семинардың жоғары дәрежеде өткендігін айта келе, алдағы уақытта колледж оқытушылары мен мектеп оқытушыларының бірлескен іс-шаралары жалғасын тапса деген ұсыныс білдірді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Бұдан кейін, тағы да «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша колледж жанынан құрылған «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім-тәжірибе-іскерлік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда сапалы білім берудің аспектілері: әдіс-тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Семинарға өңірдегі мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері мен колледж оқытушылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың мақсаты: Бастауыш білім беру мамандығы бойынша колледж және мектеп оқытушылары арасында тәжірибе алмасу; Оқытушылардың жаңаша білім беру бағытында идеялары мен тәжірибелерін шоғырландыру, құзіреттілігін арттыру, кәсіби дамуына қолдау көрсету; Мектеп пен колледж ұстаздары бас қосқан бұл семинарда тың идеялар мен көзқарастар ортаға салынды. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң, артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай, мұғалім – үлкен білімнің, мәдениеттіліктің, жаңашылдықтың нышаны екенін тағы бір дәлелдеді.