Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі облыстағы ірі өндіріс ошақтарымен келісімге келіп студенттерді өндірістік тәжрибеден өткізіп отырады. Білім саласын дамыту бағытында бұл да бір алғышарттардың бірі. Бұл өз кезегінде студенттердің білімді тәжірибемен ұластыруға көп септігін тигізеді. Олар оқу ордасын бітіргенде дайын тәжірибелі маман болып шығады. Оқу ордасынығ «Ветеринария» мамандығының дуальді оқу жүйесіне қабылданған Вф-231 тобының білім алушылары әлеуметтік серіктес «Бөрте Милка» ЖШС –інде тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында білім алушылар малдардың профилакалық екпе жұмыстарын, ауру малдарды емдеуді, сондай-ақ,қажетті дәрі-дәрмектерді қолдану тәсілдерін меңгеруде. Кәсіби маман дайындауда теория мен практиканы ұштастыру бойынша болашақ маман иелерінің кәсіптік құзыреттілігін арттыру мақсатында заманауи техникаларды меңгеру, өз мамандығы бойынша жұмыспен қамтылуға әлеуметтік серіктестіктердің маңыздылығы орасан зор. Осыған орай, Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің «Агрономия» мамандығының А-231 дуальді оқу тобы білім алушылары «Ecoinvest SA» ЖШС –мекемесінде оқу үрдісіне сай тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында қияр дақылын егу және өскіндерін тазарту жұмыстарын игеруде. Өндірістік тәжірибеден өту барысында білім алушылар нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар болып қалыптасуына ықпал жасайды. Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің “Ветеринария” мамандығының дуальді оқу жүйесіне қабылданған Вф-232 білім алушылары, келісім шарт негізінде «Ет Агро-Манкент» АШӨК- де оқу үрдісіне сай тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында білім алушылар малдардың тұқымдарымен, азықтандыру ерекшеліктерімен, азық дайындау технологияларымен, рациондағы макро, микро элементтердің мөлшерін анықтау жұмыстарымен, сондай-ақ, малды өсірудің заманауи технологияларымен танысуда. Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің 10130300 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының дуальді ТМ-233 оқу тобының білім алушылары әлеуметтік серіктес «Ладушки» ЖК-інде тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында шикізаттарды таңдау, шикізаттарды іріктеу және кондитер өнімдерінің түрлі ассортименттерін дайындау технологиясын, торт өнімдерін, бисквитті, шоколадты, үгілмелі торттарды безендіру технологиясын өндіріс жағдайында игеруде. Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің 07210300 “Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі” мамандығының дуальді НМ-231 оқу тобының білім алушылары оқу үрдісіне сай әлеуметтік серіктес “Барыс 2007”ЖШС-інде тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында білім алушылар, қамыр дайындау үшін қажетті негізгі және қосалқы шикізат түрлерін таңдап, ашытқы қосылған қамыр және одан өнімдер дайындау процесін өндіріс жағдайында меңгеруде.