Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Қайнар жалпы білім беретін мектебінде «Сөз шебері» тақырыбы бойынша 2-10 сынып оқушылары арасында жүргізушілер сайысы болып өтті. Аталмыш сайыстың мақсаты- көркем сөз шеберлерінің өнерін дамыту, тіл саясатын дамыту, әртүрлі жанрдағы мәдени шара жүргізушілерін анықтау, жарыққа шығару, шығармашылық орта қалыптастыру, тәжірибе алмасу болып табылады. Сайыс 4 бөлімнен тұрды. 1-бөлім:« Сәлем — сөздің анасы”, 2-бөлім:« Көркем сөз шебері», 3-бөлім:« Сөз мәнері», 4-бөлім: «Импровизация». Қатысушылар осы аталған бөлімдер бойынша сынға түсті. Қазылар алқасы өз бағаларын беріп, шеберлік танытқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ильяс Гүлшырын. Оқушылар аталмыш сайыста бар өнерлерін ортаға салды. Бұдан кейін, Қайнар жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологі Ж. Ильясова 2-3-4 сынып оқушыларынан «Кактус» графикалық әдістемесі мен «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесін жүргізді. Шараның негізгі мақсаты: баланың эмоционалдық жағдайын анықтау, агрессияны анықтау болып табылады. Бұдан бөлек, Қайнар жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологі Ж. Ильясова Даярлық сыныбына сауалнама жүргізді. Бұл баланың психоәлеуметтік жетілу деңгейін диагностикалауға бағытталған (авторы Банков С. А) сауалнамасы. Сауалнама барысында оқу мотивтерінің қалыптасу деңгейі анықталады. Сонымен қатар жағымды ахуал орнату мақсатында «Ынтымақтастық» тақырыбында тренинг өткізді. Даярлық сыныбының балалары жақсы көңіл-күйде болды.