Әлеумет Тәлімгерлерге барынша жағдай жасалуда Редактор 16.10.2023 4793 1 оқу мин Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз сөзінде: «Қазіргі таңда министрлік Техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледж студенттеріне стипендия 50 пайыз ға, келесі жылдың көрсеткіші 100 пайызға, яғни екі есеге дейін артады. Колледж студенттері әлеуметтік пакетпен – жол төлемдерімен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Дуалды оқыту шеңберінде колледж студенттеріне практикадан өту кезінде еңбек өтілі есептеледі» деді. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысына 15 300 грант бөлінген. Оның ішінде №14 колледжге 481 грант бөлінді. Жаңа 2023-2024 оқу жылында студенттерге ай сайын берілетін жалпы шәкіртақы көлемі 39 216 теңге, ал жоғары шәкіртақы 44 118 теңге, тұл жетім студенттерге 49020 теңге, көзінен немесе құлағынан мүгедектігі анықталған студенттерге 63 727 теңге шәкіртақы тағайындалады. Сонымен бірге сырт аймақтардан келген студенттерге 6900 теңге оқу жылында екі рет жолақы төленеді. Барлық студенттерге 1 мезгіл ыстық тамақ беріледі, тегін жатақханамен қамтылады және жатақханаға орналасқан студенттерге 3 мезгіл тамақ беріледі. Колледжге қабылданған 1 курс студенттеріне мектептегі білім үлгеріміне қарамастан қыркүйек және желтоқсан айларында үздіксіз 39 216 теңге шәкіртақы беріледі. Ал қаңтар айынан бастап 1 жарты жылдықтағы білім үлгеріміне қарай тағайындалады. Жазғы демалыс уақыттарында шәкіртақы тоқтаусыз жүріп отырады. Мемлекет тарапынан материалдық жағынан студенттерге көптеген қолдаулар болуда. Өз кезегінде оқытушылар да білім сапасын дамыту бағытында талмай еңбектенуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 28151 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 26100 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 42797