Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту, ұлттық сана-сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемелекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл саясатын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысы мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту мақсатында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тақырыпта жоғарғы деңгейде дөңгелек үстел өтті. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі ділің жүректегі» — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай өткір тілді, дархан пейілді, Тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай, Дүбірлетсін өңірді, Дүрілдетсін дүлдүлі! Қазақ деген елімнің құтты болсын, бұл күні! — дей отырып, дөңгелек үстелімізді Қазақстан Республиканың әнұранымен бастап, Отанын, Ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу мақсатында пән мұғалімі Ахатова Гүлнұр әріптесіміз, дөңгелек үстел барысында өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап жоғын жоқтау өз қолымызда екенін айтып, оқушыларға Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай? Мемлекеттік тілдің қадыр қасиеті қандай? Қазақ тілдің қазіргі құқықтық аспектілері қандай? Жақанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болу керек? деген сұрақтар қойып, оқушылардан мардымды жауап алды. Сонымен қатар, мақал-мәтел айдары, кім жүйрік, жылпы оқушылардың тіл туралы пікірлерін тыңдап, туған тілім тұғырым — деп, Ана тілінің бүге – шүгесіне, теңер иірімдеріне бойлай білу-саналы азамат болғысы келетін жастардың бірінші парызы. Ол-туған жерді, Отанды, Атамекенді сүйе білу деген сөз. Осы айтылған сөз, өнер тұлғаған сезім, ұлылардан қалған ой-пікірлерді көкіректеріне мәңгі қалдырыңдар деп, Абай атамыздың мына сөзімен аяқтады. Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегіңде болсын көз. Дөңгелек үстелдің жоғарғы деңгейде өтілуіне атсалысқан әдістемелік бірлестік жетекшісі Демеуова Ғалия және пән мұғалімі Ахатова Гүлнұр алдағы уақытта тілге қатысты өзге де шаралар өткізуді жоспарлап отыр.