Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18.10.2023 жыл «Инновациялық білім беруді жетілдіруде, STEAM оқыту әдістерін пайдалану» атты тақырыбында семинар жоспары бекітіліп, семинар барысында шығармашылық көрме, концерттік бағдарламамен семинардың ашылуы салтанатты түрде өтіліп, орыс тілі,қазақ тілі,математика, ағылшын тілі, тәрбие сағаты және коучинг зерттеу сабақтарына ұласты. Мақсаты: Оқушылардың білім сапасын арттыру, білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсете алуға дағдыландыру. Тәжірибені жетілдіру ретінде «Сабақты зерттеу» үдерісін қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсетеді. Бұдан кейін, Түркістан облысы. Мақтаарал ауданы.» №14 Жас алаш жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мектепішілік «Ең үлгілі дәптер» байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың көркем жазуға деген ынта, ықылысын арттыру. Дәптерлерін таза, ұқыпты ұстауға үйрету. «Ойлы сөз, жақсы сөйлеу баланың өрісін кеңейтсе, сауатты әрі әдемі жазу ынта ықыласы мен мінез-құлқының дәнекері»-деген екен қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов. Апта соңында оқушылардың дәптерлері тексеріліп, көркем жазуымен көзге түскен оқушылар анықталып, марапатталды. Алдағы уақытта бұл байқау жалғасын табады деген ойдамыз.