Түркістан облысы Білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес 23.10-24.10.2023 ж. Әдістемелік десант өткізілуде. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы С.Ысмайлов жалпы орта мектебінде және Бәйтерек жалпы орта мектебінде өтті. Әдістемелік десанттың тақырыбы: «Білім сапасын арттыруда мектепішілік басқару мен бақылаудың маңыздылығы» Әдістемелік десанттың мақсаты: Ордабасы ауданы көлемінде кабинет меңгерушілерінің және білім беру мекемелері басшылары мен орынбасарларының, кәсіби бағдар беруші педагогтердің мектепішілік басқару мен бақылау жұмыстарының әдістемесін жетілдіру, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеу, шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, педагогикалық жұмыстарының құзыреттілігін дамыту, оқу әдістемесін жетілдіру бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру бойынша әдістемелік көмек беру, білім платформаларымен жұмыс жасау алгоритмдері туралы түсінік беру. Әдістемелік десанттың міндеттері: Білім беру ұйымдарындағы басқару сапасы мен сапамен басқару менеджменті арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарын ұсыну; ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын білім беру ұйымдарында іске асыру бойынша білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту; Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы; білім беру қызметкерлерін педагогиканың заманауи жетістіктерімен, білім беру саласындағы инновациялармен таныстыру; білім беру ұйымы басшыларына оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша кешенді әдістемелік көмек көрсету; білім беруді дамытудың заманауи бағыттары бойынша ББҰ басшыларын, педагогтерін ақпараттандыру; білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мазмұнын жетілдіру жөнінде кеңес, нұсқау беру; информатика пәнін оқытуда АКТ тапсырмалары бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу; информатика пәнін оқыту барысында функционалдық сауаттылықты дамытуға әдістемелік көмек көрсету. оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою, функционалдық сауаттылықты дамыту жолдарын ұсыну; білім беру ұйымын сапалы басқару жүйесін жетілдіру, аттестаттау бойынша басшылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту. Әдістемелік десанттан күтілетін нәтижелер: әдістемелік десантқа қатысушылардың кәсіби қажеттіліктері анықталады, қиындық аясы зерттеледі; әдістемелік десантқа қатысушылардың білім беруді дамытудың заманауи бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілігі артады; мектеп басшыларының білім беру ұйымын сапалы басқару бойынша дағдысы артады; педагогтерге білім берудегі құндылықтар және инновациялар ұсынылады; білім беру ұйымдарын инновациялық менеджмент негізінде басқару бойынша дағдысы артады, білім беру ұйымдарын информатика пән педагогтерінің АКТ дағдысы артады. Аталмыш шараға ұстаздар белсене қатысты. Әрине ұстаз білімді болса шәкірті де оза шауып бәйне алады. Сондықтан да ұстаздардың біліктілігін арттыру назардан тыс қалмайды.