Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде онкүндік ұйымдастырылды. Аталмыш шара химия және биология сабақтары барысында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілуде. Аталмыш шара «Күз – байлығым, берекем» атты тақырыбында ұйымдастырылуда. Онкүндіктің іс-шара жоспары бойынша бүгін, бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру мақсатында 9 «Б» сынып оқушыларымен биология пәні мұғалімі Азимбаева Разия Бөліп шығару жүйесінің гигиенасы тақырыбында жоғарғы деңгейде, ашық сабақ өтті. Іс-шара келесі мақсатта ұйымдастырылды: Оқушылардың химия, биология пәндеріне қызығушылығын арттыру. Сыни тұрғыдан ойлау және логикалық ойлау дағдыларын дамыту. Бәсекеге қабілетті, білімді және бастамашыл оқушыларррды дамыту. Жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру. Онкүндікте әртүрлі іс-шаралар өткізілді, соның ішінде: Зерттеу сабақтары, зертханалық жұмыстар, жарыстар мен викториналар, дөңгелек үстелдер, ғалымдар мен мамандармен кездесулер. Ғылым онкүндігі оұушылардың химия, биология пәндері бойынша білімдерін тереңдету, зерттеушілік дағдыларын дамытуға және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берген сәтті шара болды. Ашық сабақ барысында оқушылар үш топқа бөлінді. Әр топқа әртүрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмалар дайындалды. Үй тапсырмасын беру үшін «Қара жәшік» әдісі қолданылды. Оқушыларға топта талқылап, ортақ үй тапсырмасын құрастыру керек сұрақтар берілді. Жаңа сабақты өткен тақырыппен байланыстыру үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылды. Оқушылар топта жаңа тақырыпты меңгеру үшін алдыңғы сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын талқылады. Жаңа материалдың мағынасын ашу үшін «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі қолданылды. Оқушылар алдымен оқулықтағы мәтінді жеке оқып, жұпта талқылап, соңында бүкіл топпен өз ойларын ортаға салды. Барлық топтар талқылауға белсене қатысып, өз ойларын айтып, бір-бірінің пікірлерін толықтырды. Бұл әдіс студенттердің жаңа материалды меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлауға, коммуникативті және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.