Оқушылардың ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын қабілеттерін дамыту мақсатында бүгінде арнайы іс шаралар ұйымдастырлуда. Жуырда Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде химия және биология сабақтары барысында «Күз – байлығым, берекем» атты тақырыбында онкүндіктің іс-шара жоспары бойынша аталмыш іс шара өткізілді. Білім онкүндігі аясында өткен іс-шараның мақсаты – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың химия, биология сияқты жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Іс-шарада оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, проблемаларды шешу және коммуникация сияқты 21 ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілді. Оқушылар эксперименттерге, талқылауларға және презентацияларға қатысты, бұл олардың оқып жатқан тақырыптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Шардара мектеп-лицейінің білім сапасын арттырудағы маңызды қадам болды. Ол оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, оларды ғылым мен техникадағы болашақ міндеттерге дайындады.
Шардара лицейі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары және химия пәнінің мұғалімі Е.Кулиева «Жоғарғы деңгейдегі газдардың салыстырмалы тығыздығы» тақырыбында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында газдардың салыстырмалы тығыздығын есептейтін формулалар қолданылып, практикалық есептер шығарылды. Сабақ келесі мақсаттарға жетуге бағытталды: Тарауда алған теориялық білімдерін практикада қолдану. «Газдардың салыстырмалы тығыздығы» тақырыбы бойынша есептер шығару дағдыларын дамыту.
Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру. Сабақ барысында Кулиева Е. түрлі оқыту әдістерін қолданды, соның ішінде: Презентация арқылы жаңа материалды түсіндіру. Эксперименттерді көрсету. Тақтада және топта есептер шығару. Нәтижелерді талқылау және қорытындылау.
Е.Құлиеваның ашық сабағын әріптестері мен оқушылар жоғары бағалады. Химияны оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың үлгісі болды.
Осыдан кейін мектеп-лицейде өткен ашық сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, топпен жұмыс істеу ережелерімен таныстырылып, «Кім жылдам?» кезеңі басталды. Оқушылар QR коды бар сілтеме бойынша өтіп, тест тапсырмаларын орындап, сыныптастарымен жұмыс алмасып, жұппен жұмысты орындады. «Миға шабуыл» кезеңінде жұптық жұмыс оқушылар заттың мөлшерінің формуласын біле отырып, есеп шығарды, молярлық массаны есептеді, заттың массасы мен көлемін тапты, жалпы масса арасындағы байланысты анықтады. Оқытудың бұл тәсілі мүмкіндік береді:
Оқушылардың ынтасын арттыру. Топтық жұмыс дағдыларын дамыту.
Сабақтың тақырыбын түсінуді жақсарту. Теориялық материалдарды практикада бекіту. Шардара мектеп-лицейінде өткен ашық сабақ химияны оқытуда заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды тиімді пайдаланудың үлгісі болды. Үздік білім ордасында осы бағыттағы жұмыстар ұдайы өткізіліп тұрады. Әлі де жалғасын табатын болады.