Жастардың теріс ағымның жетегінде кетпеуі үшін өңірде түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылуда. Түркістан облысының дін істері басқармасы «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасын барлық аудандарда өткізіп келеді. Аталмыш шара облыс көлемінде деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, мемлекеттік саясатты ілгерілету, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатын көздеп отыр. Бұл жолғы кездесу Шардара ауданында өтті. Ұлттық құндылықтарды насихаттау және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жиынның өтуі бір төбе әрі маңызды бастама. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету – аймақтағы әлеуметтік даму мен бейбітшіліктің маңызды аспектісі. Түркістан облысы Дін істері басқармасы ұйымдастырған жоба рухани құндылықтарды сақтауға, дін саласындағы экстремистік және деструктивті көріністердің алдын алуға және қоғамдағы келісімді сақтауға бағытталған. Мұндай шаралар рухани тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарды нығайту мақсатында пікір алмасуға, маңызды мәселелерді талқылауға және бірлескен шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Сонымен қатар, айырмашылықтарды құрметтеу және заңдарды құрметтеу негізгі қағидалар болып табылатын толерантты қоғамды құруға көмектеседі. Бұдан бөлек, рухани келісімді нығайтуға, түрлі мәдениеттер мен діндерді жақындастыруға, сондай-ақ аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға септігін тигізері сөзсіз.
Аудандық мәдениет үйінде Шардара аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев, танымал дінтанушы А.Оспанов, айтыскер ақын Қ.Абзалов, мектеп директорлары, дербес бөлімнің қызметкерлері, еңбек ардагерлері, дін қызметкерлері және мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Мектепте тек білім беру ғана емес оқушылардың тәрбиесі де басты назарда тұруы қажеттігі айтылды.
Дінтанушы А.Оспанов айтқан деструктивті діни ағымдардың мәдениетке, салт-дәстүрге, халық бірлігіне тигізетін әсері туралы тұжырымдары маңызды әрі өзекті. Түрлі жаңалықтардың енуі және діни нанымдардың бұрмалануы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың және құндылықтардың жойылуына әкелуі мүмкін. Шындығында, бұндай деструктивті ағымдар қоғамда алауыздық, наразылық, өшпенділік пен фанатизм тудырып, түптеп келгенде халықтың ынтымағы мен бірлігіне сызат түсіруі мүмкін. Қоғамдағы әртүрлі топтардың мәдени мұрасын, салт-дәстүрін және тату-тәтті өмір сүруін сақтау үшін мұндай құбылыстарды тану және олармен күресу маңызды. Деструктивті діни ағымдардың белсенді әрекеті мұқият зерделеуді, бақылауды және олардың қоғамға кері әсерін тигізбеу шараларын қабылдауды талап етеді. Осындай құбылыстарды қоғамды талдап, түсіндіруде, адамдардың деструктивті әсерлерді түсініп, оларға қарсы тұруда Ә.Оспанов сынды кәсіби дінтанушылар маңызды рөл атқарады. Осылай деген дінтанушы жат ағымның жетегінде кетпеу үшін жастар көбірек білімге бет бұрып, кітап оқуды жанына серік етуі қажет екендігін айтып өтті. Құнды дүние кітап шабыт беріп, рухани азыққа кенелтетінін қоса айтты.