Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлт құндылықтары; Тарих пен салт-дәстүр сабақтастығының мәдениетпен байланысы» тақырыбындағы тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда атап өтілген басты құндылықтарға ұжымшылдық, аға ұрпаққа құрмет, туған жерге, оның мәдени мұрасына деген сүйіспеншілік жатады. Іс-шара барысында халықтың түрлі топтары үшін мәдени іс-шараларға қолжетімділікті жақсарту жолдары, мәдени мұраны сақтау және өскелең ұрпаққа жеткізу бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ дене шынықтыру мен мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау және жастар арасындағы спорт мәселелері талқыланды.
Конференцияға қатысушылар мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасып, тиімді тәжірибелерді анықтап, алдағы уақытта бірлескен жобалардың жоспарларын әзірледі. Мәдениет және спорт саласындағы түрлі мекемелердің күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатқа жету және ұлттық бірегейлікті нығайту қажеттігіне баса назар аударылды. Осылайша, «Ұлт құндылықтары» конференциясы Түркістан облысының Сауран өңірінде мәдениет саласы мен спортты дамытудағы маңызды қадам болып, мәдени байланыстарды нығайтуға, ұлттық тарихты таратуға және ұлттық құндылықтарды сақтауға ықпал етері сөзсіз. Бұдан кейін, Сауран ауданы «Мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ және аталған бөлімге қарасты «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері Тілдік дискриминицияға жол бермеу және азаматтарға мемлекеттік тілде толық әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан қызмет көрсету орталықтары, шағын кәсіпкерлік субектілері және коммерциялық ұйымдарға мемлекеттік тілді қолдану мәселесіне қатысты жан жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыс осы мекеме өкілдерінің қатысуымен семинарлар, кеңестер мен тренингтер өткізу, сондай-ақ мемлекеттік тілді қолдану ережелері бойынша ақпараттық материалдар әзірлеу және таратуды қамтыды. Сонымен қатар, ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік тілде қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тіл ережелерін сақтаудың маңыздылығы айтылды. Бұл жұмыс өңірде әрбір азаматтың қарым-қатынас жасауына, ақпарат алуына және мемлекеттік тілді қолдануына тең мүмкіндіктерге ие қолайлы лингвистикалық ортаны құруға бағытталған. Түсіндіру жұмыстарына Сауран ауданы мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері қатысты. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушының, орындаушының) міндеттерінің бірі тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты беруге міндетті. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін келесі әкімшілік іс-әрекеттер: 1) Лауазымды адамның тіл білмеуін уәж етіп, жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ олардың мәні бойынша қарамауы; 2) Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу; 3) Жеке тұлғалардың тіл таңдау құқықтарын шектеу,тілдік белгілеріне қатысты кемсітуге жол берілген жағдайда осы әкішілік істер бойынша жауапкершілік Кодексте қарастырылған. Осы және өзге де заң талаптары түсіндірілді. Мекеме қызметкерлері осы тараптағы түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.