Бүгінде Түркістан облысының барлық ауандарында түрлі танымдық кештер ұйымдастырылуда. Мұндай кештердің жас өскіндерге тағылымдық мәні зор болмақ. Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Жүзімдік ауылдық клубында жазушы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Кемеңгер жазушы» атты тұлғатану кеші өткізілді. «Қызыл алма», «Ақ кеме» атты шығармаларымен оқырман жүрегін жаулап алған жазушының өлмес туындыларын әлі күнге дейін қызыға оқитындардың қатары көп. Аталмыш кеште қазақ және қырғыз халқының өмірін суреттеген қаламгер Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы сөз болды. Оқырмандарға атақты жазушының шығармалары таныстырылды. Жазушының қай шығармасын алып қарасаң да өмірден алынған нағыз шынайы туындылар екеніне көз жеткізесің. «Толағай» бала бақша қызметкері Шалхарова Динара және клуб меңгерушісі Иманов Нұрлан «Жәмила» повестінен көркем сөз оқып, көрініс қойылды. Келес ауданында жалпы кітапхана ұжымдары қарқынды жұмыс атқаруда. Әр ауылдық кітапханада күн сайын нешетүрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұдан бөлек, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Қошқарата ауылдық кітапханасы орыс жазушысы А.С.Пушкиннің шығармашылығына арнап, 6-7 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, «А.С.Пушкиннің аты, ғалымның хаты өлмейді» атты поэзия сағатын ұйымдастырды. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы мақсат — орыс жазушысы А.С.Пушкиннің туындыларымен, шығармашылығымен таныстыру. Кітаптарын оқырмандарға насихаттау. Шет ел әдебиеттеріне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Оқырмандар сонымен қатар ақынның өлеңдерінен бөлек, повестерінен де үзінділер оқыды. Бұдан соң, Келес аудандық кітапханаға қарасты Көкбұлақ ауылдық кітапханасы Ғ. Мұратбаев мектебінде 9сынып оқушылары мен біргелікте » Салауаттылық денсаулық негізі» атты әңгіме өткізілді. аталмыш кешке барлығы белсене қатысты. Арнайы кеш сұрақ жауап түрінде өрбіді. Дені сау болып өсу үшін қандай шараларға аса мән беру екендігін түсіндірілді. Денсаулықтың кепілі-салауаттылық. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдануға ықпал ету. Өз өмірің, денсаулығын сақтап, қорғай білуге тәрбиелеу туралы сөз қозғалды. Бұдан кейін, Орынкүл Тәжиева туралы танымдық кешпен жалғасты. Орынкүл Тәжиева – (1943 – 2016) 1943 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш (бұрынғы Келес) ауданы Абай ауылында туған. 1963 жылы Шымкент қаласындағы медициналық училищені бітіріп, аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет атқарды. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп шығысымен, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, одан соң «Қазақстан» баспасында кіші редактор болып істеген. 1972 жылы Келес аудандық «Мақташы» газетінде алдымен бөлім меңгерушісі, одан соң жауапты хатшы, 1985 жылы Келес аудандық партия комитетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, аудан орталығындағы №3 балабақша меңгерушісі болып істеген. Туған жері Келес өңірінде ХІХ ғасырда өмір сүрген ет жемес Ешан ата туралы көптеген зерттеу еңбектер жүргізіп, ол кісі туралы деректі шығарма жазылуына мұрындық болды. Шығармалары: «Жетім қыз». Повесть. А., «Жазушы», 1968; «Қара қолғап». Әңгімелер. А., «Жазушы», 1970; «Менің ауылымның адамдары». Очерктер. «Қайнар»; А., 1972; «Алтын жазулы алқа». Әңгімелер. А., «Жалын», 1981; «Шоқ жұлдызды Домалақ ана». Роман. «Келес өңірі» баспасы, 1991; «Сырғалылар әулетінің құпия қазынасы». Роман. «Келес өңірі» баспасы, 1993. «Шыдағанға шығарған» әңгімелер жинағы, 2017. Қаратөбе ауылдық кітапханасында №41Қ. Сәтбаев ЖОМ 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен жазушы Орынкүл Тәжиеваның туғанына 80 жыл толуына орай «Үлгісі бар бейне» атты тұлғатану сағаты болып өтті. Мақсаты: оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру болып табылады. Аталған шарада оқушылар жазушының өмірбаянымен шығармашылығымен толық танысып шықты.