Әлеумет Ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті өтті Редактор 27.11.2023 15919 1 оқу мин Соңғы әлетте мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру бағытында түрлі іс шаралар өткізілуде. Мұндай шаралардың жас өскіндерге берері мол. Осыған орай жуырда яғни, 2023 жылдың 22 қараша күні Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 7-9 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті өтті. Патриоттық рухты шыңдайтын шараға қатысушылардың қарасы қалың болды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 17 мектептің оқушылары арасында өткізілді. Аталмыш шарада ұстаздар қауымы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының іс-шарасына қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Мұндай шаралардың яғни, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі мақсаттары — жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады. Аймақтық слеттер 23 қараша күні «Жанкент» жалпы білім беретін мектеп базасында, ал 24 қараша күні А.Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы спорт кешенінде өткізілмек. Ал іс-шараның қорытынды финалы 2023 жылдың 27 қараша күні «Жанкент» ЖББМ базасында өткізіледі. Бұдан кейін де аталмыш бағыттағы шаралар тінін үзбей, жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 21959 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 28492 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 33952