Әлеумет Ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті өтті Редактор 27.11.2023 20770 1 оқу мин Соңғы әлетте мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру бағытында түрлі іс шаралар өткізілуде. Мұндай шаралардың жас өскіндерге берері мол. Осыған орай жуырда яғни, 2023 жылдың 22 қараша күні Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 7-9 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті өтті. Патриоттық рухты шыңдайтын шараға қатысушылардың қарасы қалың болды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 17 мектептің оқушылары арасында өткізілді. Аталмыш шарада ұстаздар қауымы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының іс-шарасына қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Мұндай шаралардың яғни, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі мақсаттары — жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады. Аймақтық слеттер 23 қараша күні «Жанкент» жалпы білім беретін мектеп базасында, ал 24 қараша күні А.Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы спорт кешенінде өткізілмек. Ал іс-шараның қорытынды финалы 2023 жылдың 27 қараша күні «Жанкент» ЖББМ базасында өткізіледі. Бұдан кейін де аталмыш бағыттағы шаралар тінін үзбей, жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5458 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961