WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберліктің ұлттық чемпионатына 500-ден астам колледж студенттерінің қатысты. Бұл чемпионат Қазақстан Республикасы Білім министрлігі ұйымдастырған маңызды шара болып табылады және еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді. Премьер-Министрдің орынбасары, Білім және ғылым және жоғары білім министрінің байқау алаңдарына баруы бұл шараның маңыздылығы мен басымдылығын көрсетеді. Бұл мемлекеттің кәсіби біліктілігін арттыруға, білікті кадрлар даярлауға үлкен мән беріп отырғанын көрсетеді. Елдегі көптеген жұмыс орындарына сұраныс шынымен де жоғары, бұл техникалық және кәсіптік білімнің маңыздылығын көрсетеді. Елдің дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етуде экономиканың түрлі салаларында білікті жұмысшылар мен мамандар маңызды рөл атқарады. Студенттердің WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатына қатысуы олардың кәсіби шеберліктерін көрсетуге, басқа дарынды студенттермен бәсекеге түсуге және жетістіктері үшін марапат алуға мүмкіндік береді. Бұл да еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға, жоғары білікті мамандарды даярлауға септігін тигізеді. Техникалық және кәсіптік білім беру елдің дамуында маңызды рөл атқарады және оның маңызы одан әрі арта бермек.
«Қазір елімізде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты ұлттық баяндама жобасы талқылануда. Онда колледжде берілетін білім мен біліктілікке қатысты көп көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда елімізде заманауи цифрлық технологиялар қанша дамып жатса да, кәсіби техникалық орта білімді мамандарға деген сұраныс артып келеді. Мысалы, дәнекерші, сантехник, тұрмыстық техниканы жөндеушілер, көлік механиктері т.б. Бұл чемпионаттың жастар арасында осы мамандықтарды дәріптеуде маңызы зор. Жарыста сіздерге сәттілік тілеймін!», — деді Тамара Дүйсенова. Қазіргі таңда еліміздің 772 колледжінде 530 мыңнан астам студент оқиды. Мемлекет орта білім беретін оқу орындарына барынша көңіл бөліп отыр. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарын қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Бүгінгі таңда дәл осы ақу орындарына мемлекеттік тапсырыс 133 мың орынға дейін ұлғайтылды, ал осы жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға өсті. «Адамды арманына жеткізетін, мақсатына жеткізетін қасиеті — еңбекқорлық. Ол бүгінгі күні бізге қажетті басты құндылық. Бүгінде кәсіпорындарға жоғары білікті мамандар, өз ісінің шеберлері қажет. Сіздер еліміздің экономикасының дамуына өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенімдімін. Мемлекет басшысының қолдауымен келесі жылы колледж студенттерінің стипендиясы тағы 50%-ға өседі. Ал мемлекеттік тапсырыс көлемі 155 мың орынға дейін артады, оның 70%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді», — деп атап өтті Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
WorldSkills Kazakhstan бұл жастарды барынша қолдауға арналған алаң. Осы алаңында еліміздің барлық өңірлерінен келген кіл мықты студенттер бақтарын сынап жатыр. Жарыстың басты ерекшелігі ретінде, оған 520 сарапшының қатысуын атап өтуге болады. Қатысушылардың жұмыстары 7 бағыт және 30 құзыреттілік бойынша бағаланады: кірпіш қалау, құрылыс және сылақ жұмыстары, сантехника мен жылыту жұмыстары, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиялары, кондитер, шаштараз ісі, мейрамхана сервисі және т.б. Бүгін 3 күнге созылған «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII Республикалық чемпионатының жеңімпаздары анықталып, қорытындыланды. Бұл сайыста Түркістандықтардың мерейі үстем болды. 29 құзыреттілік бойынша қатысқан Түркістан облысының колледж студенттері 2 алтын, 3 күміс, 1 қола және 9 ерекше медальдарға ие болды. Атап айтқанда: — Жексенбек Балнұр, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі, «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша; — Розакулов Бекзад, Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі, «Плитка жапсыру» құзыреттілігі; — Сейдулла Нұр, Тұрсынхан Қанат, Түркістан А.Ясауи кәсіби колледжі, «Мобильді робототехника»; — Хаджибаева Тавелина, Кентау көпсалалы колледжі, «Сырлау және әрлеу» құзыреттілігі; — Бахтияров Улуғбек, Қазақ-неміс политехникалық колледжі, «Электроника» құзыреттілігі; — Нұрғалиқызы Аяулым, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі, «Кондитер» құзыреттілігі; — Ахметов Диербек, ОҚ индустриялды-инновациялық колледжі, «Кірпіш қалау» құзыреттілігі; — Утегенов Саят, МКҚК «Кентау көпсалалы колледжі», «CAD инженерлік графикасы»; — Жолдасова Сандуғаш, Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі, «Наубай ісі» құзыреттілігі; — Ерсултанова Жанель, МКҚК «Кентау көпсалалы колледжі», «Прототиптеу» құзыреттілігі; — Турдиматов Мейрамбек, №12 Колледж, «Дәнекерлеу технологиялары»; — Паттаев Марлен, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі, «Мейрамхана қызметі»; — Абдулла Бекжан, №16 колледж, «Құрғақ құрылыс» құзыреттілігі; — Серікбай Саят, Кентау көпсалалы колледжі, «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету»; — Хасан Есен Абубакирұлы, ОҚ индустриялды-инновациялық колледжі, «ЧПУ станоктарында токарлық жұмыс» құзыреттілігі. Олардың жеңісі жерлестеріне мерей болып отыр.