Қазақстанның ғылым мен білімнің дамуына ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Экономикалық өсу мен мемлекеттің өркендеуіне қол жеткізуде ғылыми саланың дамуы маңызды рөл атқарады. Жастарды ғылым мен білімге тарту – осы бағыттағы басты қадам. Ғылыми салада білімі мен біліктілігі бар жастар – еліміздің болашақ ғылыми әлеуеті. Сондықтан, талантты іздестіру мен қолдауға бағытталған бағдарламалар мен іс-шаралардың маңызы зор. Еуразия ұлттық университеті өткізген JANA ASU грант конкурсы тамаша бастама боллды. Ол жас ғалымдар мен зерттеушілерге өз әлеуетін көрсетуге, қолдау алуға және ғылыми идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай байқаулар ғылыми зерттеулердің дамуын ынталандырады, инновациялар мен жаңа білімдерді құруға ықпал етеді. Қазақстандағы ғылымның дамуы экономиканың өсуіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар елдің ғылыми әлеуетін нығайтады, халықаралық ғылыми қоғамдастықтың назарын аударады және ғылыми саладағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. JANA ASU гранттық байқауының барлық қатысушыларын өздеріне сәттілік серік болатынын біледі және мұндай бастамалар жалғасын тауып, кеңейеді деп сенеді. Қазақстанның жас ғалымдары мен зерттеушілері өздерінің ғылыми идеяларын дамытып, ғылымның дамуына үлес қосып, еліміздің өркендеуіне үлес қосуға мүмкіндік берілмек. Инновациялық әзірлемелерін коммерцияландыруға қаржылай грант алған ғалымдарды құттықтаймыз! Бұл практикалық салада ғылыми зерттеулерді енгізу және қолданудағы маңызды қадам болып табылады.
Еуразия ұлттық университеті бөлген «JANA ASU» қаржылық гранттары ғылыми жұмыстарды коммерцияландыруды қолдауда маңызды рөл атқарады. Олар ғалымдарға өздерінің инновациялық жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Ашық конкурсқа 50 жобаның ұсынылуы университетте жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін көрсетеді. Жобалар жасалып жатқан салалардың алуан түрлілігі (сәулет, медицина, ауыл шаруашылығы, IT-технологиялар, экология) ғалымдардың қызығушылықтары мен әлеуетінің кең ауқымын көрсетеді. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру экономика мен қоғамның дамуы үшін үлкен маңызға ие. Ол идеялар мен инновацияларды пайда әкелетін және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартатын нақты өнімдер мен қызметтерге айналдырады. Сонымен қатар, коммерцияландыру жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді. Грантқа ие болған ғалымдарға жобаларын коммерцияландыруда алға қойған жоспарлары көп. Олар өз идеяларын жүзеге асырып, инновациялық өнім жасап, қоғамға пайда әкелері сөзсіз. Бұл Қазақстанның ғылымы мен экономикасының дамуына қосылған маңызды үлес. «Қазіргі таңда отандық ғылымның алдындағы басты мәселе – ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру болып отыр. Мемлекет басшысы өз сөздерінде ғылымды ждамыту жайын ұдайы айтып келеді. Бүкіл ғылыми жетістіктер халқымыздың әл-ауқатын, өмір деңгейін жақсартуға міндетті. Сосебептен де біз өткен жылдан бастап университет есебінен коммерцияландыруға болашағы зор ғылыми жобалар мен идеяларды қолдауға бағытталған «JANA ASU» жобасын қолға алдық. Биыл біз гранттар санын көбейттік және бұл дәстүрді болашақта да жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Университетті ғылыми-зерттеу университетіне айналдыру аясында ірі компаниялармен ынтымақтастыққа және қолданбалы ғылымды дамытуға, сондай-ақ ғалымдарымыздың ғылыми әзірлемелерінің нәтижелерін өндіріске енгізуге көп көңіл бөлінеді», — деді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, ЕҰУ сәулет кафедрасының оқытушысы Жандарбек Мәлібеков инновациялық киіз үйдің модульдік үлгісін жасауды жоспарлап отыр. Бұл ерекше жоба болғалы тұр. Ол күн батареяларымен, байланыспен, интернетпен және басқа да мүмкіндіктермен толық жабдықталады. Яғни, заманауи үй болып шықпақ. Осы уақытқа дейін талай жаңалықтың авторы атанған ғалымның пікірінше, заманауи киіз үй туристер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, ТЖМ және басқа да саланың қызметкерлері арасында үлкен сұранысқа ие болады және төтенше жағдайларда да пайдалануға мүмкіндік бар. Бұдан басқа да күнделікті тұрмыста да қолдануға болады. Көлік-энергетика факультетінің оқытушысы Нұржан Болатов көпқабатты ғимараттарда қоқысты басқарудың инновациялық жүйесін әзірлеуде. Ғалым қалдықтарды жинау, сұрыптау және ғимараттың төменгі деңгейіне тасымалдау үшін қоқыс шығарудың демонстрациялық моделін құруды жоспарлап отыр. Ғылыми идея қалдықтарды сұрыптауға және өндірістік кәсіпорындарда екінші мәрте шикізат ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Аталмыш оқу ордасының ғалымдары мұнымен де тқтап қалмақ емес. Енді ЕҰУ ғалымы Асылтас Қалтенова қазақ тілін шетелдіктер үшін барынша қолжетімді жасауды жоспарлап отыр. Жас ғалым ағылшын тілінде сөйлейтіндер үшін қазақ тіліндегі негізгі диалогтар ұсынылатын «Sana» мобильді қосымшасын әзірлеуді бастап кетті. Асылтас өз идеясын ЕҰУ грантының көмегімен іс жүзінде жүзеге асырады. Бұдан бөлек, Жаратылыстану факультетінің оқытушысы Қазбек Дүйсембаевтың экологиялық жобасы да ЕҰУ қаржылай гранттық қолдауына иеленді. Ғалым алма ағаштарының саңырауқұлақ ауруларын ПЦР тесті арқылы тез және дәл анықтаудың жолын тапты. Ғалым Мұратбек Арпабеков пен ЕҰУ магистранты Кәрім Мазманов цифрлық мамандарды іздеу және жұмысқа қабылдау үшін инновациялық платформа әзірледі. Олар компаниялар үшін кадрларды іріктеу үрдісін жеңілдетуге және жақсартуға ниетті. «Біздің жоба шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік береді. Біз 100-ден астам бизнес өкілдерінің арасында сауалнама жүргіздік. Оларда маркетплейс арқылы көп мамандарға қолжетімділік бар болғанымен, автоматтандырылған жұмысқа қабылдау мәселелері туындайды, маманның жұмыс сапанын тексеру қарастырылмаған. Біз жасанды интеллект көмегімен мамандардың жұмыс сапасын 3 кезеңде тексеретін боламыз», — деді ЕҰУ магистранты Кәрім Мазманов. ЕҰУ аға оқытушысы Амангелді Нұрзада қазақша ым-ишара тілін танудың алғашқы автоматты жүйесін құру бойынша бірегей жобаны жалғастыруға мүмкіндік алды. Ғалымға екінші рет ЕҰУ ақшалай грант бөлді. Ғылыми жоба жасанды интеллектке негізделген және сөйлеу мен есту қабілеті бұзылған адамдарға бағытталған. Бұл үлкен жетістік. Отандық ғылымды дамытуға қосып жатқан үлкен жаңалық. Оның ғылыми жобасын Дүниежүзілік банк те қолдады. Айта кетейік, Еуразия ұлттық университеті «JANA ASU» ішкі грантын 2022 жылы бекіткен болатын. Өткен жылы 4 ғалым байқау жеңімпазы атанып, грант иегері болған еді. Алдағы уақытта бұдан да керемет ғылыми жаңалықтар жүзеге асырылмақ.