Бүгінде халықтың тарихын, мәдениетін, тілін сақтауға, білуге көңіл бөлініп жатқаны белгілі. Өз ұлтының тарихы мен мәдениетін терең білу – патриоттық сезім мен азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың маңызды бөлігі. Жаһандану мен технологиялық прогресс мәдениетаралық байланыстардың ұлғаюына әкеліп соқтыратын қазіргі әлемде ұлттық тарих пен мәдениетті сақтау және зерттеу ерекше өзекті болып отыр. Ол адамдарға өзінің бірегейлігін сақтауға, өз ұлтының мәдени мұрасын құрметтеуге және бағалауға, басқа халықтардың мәдениетін түсінуге және құрметтеуге көмектеседі. Өз халқының тарихы мен мәдениетін білу мен түсінуге негізделген патриотизм азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және ел өміріне белсенді қатысуға ықпал етеді. Бұл қоғамымыздың тұрақтылығы мен дамуы үшін маңызды. Түркістан облысына қарасты Шардара ауданындағы №12 орта мектепте халықтың тарихы мен мәдениетін зерделеуге байланысты іс-шаралар өткізілуде Бұл оқушылардың ұлттық болмысын тереңірек түсінуіне көмектеседі және олардың өз елі мен халқына деген мақтаныш сезімін оятады. Әдістемелік кабинеттің жоспарын орындап, тарих пен мәдениетті оқытуға арналған іс-шараларды сәтті өтті. Бұл оқушылардың азаматтық бірегейлігі мен патриоттық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ олардың еліміздің белсенді және саналы азаматы болуына ықпал етері сөзсіз.
Аталмыш мектепте «Жалпы адамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Семинар мақсаты: Білім мазмұнының жаңаруы мен қатар сабақ үдерісіндегі оқытудың әртүрлі әдістерді тиімді қолданудың маңызын ашып көрсету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Тәжірибелік семинарда аталған білім ордасының тарих және география пән мұғалімдерінің «Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері», «Құрлық сулары», «Сырым Датұлы бастаған көтеріліс», «Қыпшақ хандығы», «Қазақстандағы ұлттық автономиялар», «Геосфералардың ластануы», «ХХ-ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы», «Гидросфера және оның құрамдас бөліктері», «Тоқырау жылдарындағы демографиялық процесстер», «Монғол шапқыншылығы» тақырыптарында ашық сабақ және шебер сабақтары өткізілді. Семинар қорытындысын бөлім әдіскері М.Мырзабасов және №12 мектеп директорының міндетін атқарушы Д.Тулепов қорытындылап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.