Бүгінде дүниежүзі бойынша тұрғындар цифрлық телерадиохабар таратудың жемісін көріп отыр. Отандық цифрлық хабар тарату да даму үстінде. Осыған орай «Қазтелерадио» АҚ бас комерциялық директоры Ерлан Жазықбаевтан отаныдық цифрлық хабар таратудың даму қарқыны мен оның басты артықшылықтары және жоспарланып отырған аналогтық телехабар таратудың өшірілуі жөнінде кеңінен саралап беруін сұраған едік.
-Ерлан Әлібекұлы, цифрлық телерадиохабар таратылымына өту жоспары мен оның артықшылықтары жөнінде айтып берсеңіз.
— Адамдардың кез келген жаңа және бұған дейін өзіне белгісіз болған нәрселерді бастапқы кезде сенімсіздікпен қабылдайтыны белгілі жайт. Сондықтан да болар, Кеңес үкіметі заманында шығарылған ең бірінші түрлі – түсті теледидарлар, алғашқы кездері сұранысқа ие болмаған. Себебі, ол кездері адамдар «қара-ақ» түсті телекөрсетілімдерге дағдыланған, оның үстіне сол уақытта түрлі – түсті телехарбалар саны да тым аз болған. Ал кейіннен, мемлекеттік деңгейде Кеңес одағының барлық республикаларының түрлі – түсті форматтағы телекөрсетілімге көшу жөніндегі қаулысы шыққаннан кейін, сондай-ақ қара-ақ түсті форматтағы телестудия қондырғыларын жасап шығарудан бас тартқан соң, дүкендерде түрлі-түсті теледидар сатып алушылардың кезектері күрт өсті. Түрлі – түсті теледидарлардың пайда болуы, адамдардың қара –ақ және түрлі түсті форматтағы телехабарлардың айырмашылықтарын байқауға мүмкіндік берді. Әсіресе, бұл айырмашылық футбол транцляциялары кезінде қатты байқалды. Осыған ұқсас жағдай, ескірген аналогтық стандарттан заманауи цифрлық стандартына көшу кезінде да орын алды. «Цифрлық» сапаның артықшылықтарын аңғару үшін, адамдарға біраз уақыт қажет болды. Бүгінде теледидар көрермендері цифрлық және аналогтық көрсетілімдегі бейне мен дыбыс сапасының айырмашылықтарын байқап, өз бағасын берді. Дегенмен, «цифрлық» желіге өту тек техникалық операция деген ұғым қате, өйткені бұл бірінші кезекте әлеуметтік мәселе. Себебі, телевизия ойын – сауықтан бөлек, әлеуметтік ақпараттың қайнар көзі болып табылады. «Цифрлық» таратылымға өту кезінде, нақты бір мемлекеттің тұрғындар саны, жер аумағы, техникалық және қаржылай дайындығы ескеріледі. Сондықтан да болар, «цифрлық» таратылымға өтудің нақты бір ережесі жоқ. Бұл мәселені әр мемлекет өз ұйғарымы бойынша шешеді.Негізі, «цифрлық» таратылым ұғымы туралы нақты айтар болсақ, ол –бейне мен дыбыс сигналын түрлендіріп, оны цифрлық канал арқылы жеткізу. Заманауи телевизияның негізі ретінде, мәліметтерді MPEG стандартында түрлендіру қарастырылған. Жәй сөзбен айтқанда, «цифрлық» таратылымның артықшылықтары айдан анық. Біріншіден, цифрлық сигналдың таралу аймағы аналогқа қарағанда әлдеқайда үлкен. Аналогтық сигнал біркелкі үзіліссіз беріледі, ал цифрлық сигналдардың жіктеліп жеткізілуіне байланысты, ол бөгеулерге ұшырамай, тіпті жылжып келе жатқан нысандарда телекөрсетілім жасауға мүмкіндік береді. Оның үстіне цифрлық сигнал энергошығын жағынан тиімді. 1 цифрлық мультиплекспен 15 телеарна жеткізуге болса, аналогтық форматта 1 жиілік диапазонында 1 канал ғана тарайды. Цифрлық стандартқа өткен жағдайда, пайдаланып отырған аналогтық жиіліктерді өзге телекоммуникациялық мақсаттарда пайдалануға болады. Бүгінгі күні цифрлық технологиялар коммуникация әлеміне сенімді аяқ басты және оның болашағына ешкім күмән кетірмейді. Цифрлық стандартқа өтудің алғашқы жол салушылары Еуропа елдері болып табылады. 1998 жылы цифрлық телехабар тарату желісіне өткен тұңғыш мемлекет Ұлыбритания.Бір айтып кетейін дегенім, адамдардың істі соңғы мезетке дейін қалдыратын үйреншікті әдеті, оларды келеңсіз жағдайға қалдыруы мүмкін. Мысалы Лондонда аналогтық сигнал өшірілген кезде, миллионан астам адам бір мезетте теледидар көру мүмкіндігінен айырылды. Айта кететіні, сол адамдар аналогтық сигналдың өшетіні жөнінде алдын ала хабардар болған.Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде цифрлық стандартқа көшу процессі 2005 жылы Белоруссияда тесттік түрде цифрлық сигналды таратудан басталады. Украинада DVB-T стандартында цифрлық таратылым 2008 жылдың қыркүйек айынан жұмыс жасады. Ал Ресейде цифрлық эфирлік телевизия DVB-T стандартында 2010 жылдан бастап іске қосылды. 2012 жылдың шілде айынан бері Қазақстанда Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен қалаларының тұрғындары теледидарларын жаңа цифрлік форматта көре бастады. Бір айта кететіні, цифрлық форматқа бірінші болып қосылған мемлекеттер өз жұмысын DVB-T форматында бастаған. Бұл формат қазіргі кезде ескіргендіктен, сол мемлекеттер жаңа DVB-T 2 форматына көшуге мәжбүр болып отыр. Себебі DVB-T2 форматынындағы каналдың тасымалдығы 30%-ға артық және техногиялық тұрғыдан айтарлықтай тиімдірек. Сондықтан Қазақстанның өз жұмысын бірден заманауи DVB-T2 форматында бастап кетуі, екі рет шығындануды болдырмады. Бүгінгі таңда Қазақстан тұрғындарының 72% теледидарларын жаңа цифрлік форматта көретін мүмкіндігі бар. Ал отандық жерсеріктік сигнал еліміздің аумағын толықтай 100% қамтиды.
— Көрерменге теледидарын жаңа цифрлік форматта тамашалау үшін не істеу қажет?
— Цифрлік эфирлік көрсетілімді тамашалу үшін, жаңа теледидар сатып алудың еш қажеті жоқ, тек Т2 эфирлік қабылдағышын сатып алып, үй ішіндегі немесе сыртқы антеннаны қолдану керек. Егер теледидарыңыз кейінгі шыққан үлгіде болса, оған САМ модуль сатып алса болады, өйткені оның бағасы қабылдағыштан әлдеқайда төмен. Бұл қабылдағыштар барлық ірі техникалық дүкендерде немесе дилерлерде сатылады. Жабдықтарды сату мен орнату жұмысы толықтай дилерлік желімен іске асырылады. Өз тарапымыздан, қабылдағыштардың бағасын төмендету мақсатында, өндірушілер мен дилерлік желі арасында делдарлардың болмауын қамтамасыз еттік. Бұған қоса, цифрлік эфирлік көрсетілімнің тегін екендігін атап өтсем деймін.
-Жақында «Қазтелерадио» АҚ «Телегазет» пен «GALAM TV» Интернет көрсетілім жобаларын іске қосты дегенді естідік, сол жөнінде айтып берсеңіз.
— «Телегазет» — бұл «OTAU TV» ұлттық телевизияның абоненттеріне Қазақстанның барлық маңызды саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық өмірінен оқиғалар туралы ақпаратты өздерінің теледидарлары экранынан алуға мүмкіндік беретін тегін ақпараттық сервис. Бұл жоба «Қазтелерадио» АҚ қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті жою стратегиясымен ұштасады. «Телегазет» жобасы бұрынғы кеңес мемлекеттерінің ішінде алғашқы рет жүзеге асырылып отыр. Елімізде отандық цифрлік желіге 1.000.000 астам отбасының қосылғанын ескере отырып, желіні тиімді пайдалану үшін, көрермендерге республикалық «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская Правда» газеттерінің жаңа нөмірлерін өз теледидарларынан оқуға жағдай жасадық. Бұл әсіресе интернеті жоқ, ал пошта бірнеше күнге кешіктіріліп келетін шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындары үшін өте маңызды. «GALAM TV — Ұлттық интернет хабар тарату» қызметін іске қосу арқылы, ұлттық оператор, отандық ақпараттық ресурстарға тұрғындардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған негізгі стратегиялық мақсатын жүзеге асырып отыр. Қазіргі уақытта «GALAM TV» пайдаланушылары мемлекеттік және коммерциялық 48 телеарнаны онлайн трансляцияда көре алады. Келешекте оның санын 70-ке жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «Қазақфильм», «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» компанияларынан қазақстандық көркем және деректі фильмдерінің, мемлекеттік және коммерциялық телеарналардың авторлық бағдарламалары мен фильмдерінің тегін бейнетекасы қолжетімді. Өтіп кеткен бағдарламаларды көруге мүмкіндік беретін 24 сағаттық кері шегерілім қызметі де бар.
Жобаның басты мақсаты, Интернет желісі арқылы, әлемнің кез келген нүктесінде, қалаған адамдарға қазақстандық теле-, радиоарналар контентінің жаһандық ұсынысын беру.
«Қазақстан Республикасының ұлттық интернет-хабар тарату» қызметінің қолжетімділігі, шетелде тұратын қазақ диаспорасының 5 млн. өкілі, сондай-ақ елімізден тысқары жерлерде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттер, тілшілер, дипломаттар мен бизнесмендер үшін өте маңызды, себебі ол Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің оқиғаларынан үнемі хабардар болуға мүмкіндік береді. Отандық телеарналардың көрсетілімі «GALAM TV» қызметі арқылы тегін болып табылатынын атап өткен жөн.
ОҚО бойынша цифрлық эфирлік телехабар таралымы бойынша мәлімет:
2014 жылы «Қазтелерадио» АҚ 297 РТС (радиотелевизиялық станция) іске қосты, оның ішінде 66 РТС ОҚО-да салынды. Қазіргі уақытта Шымкент, Арыс қалалары мен Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас және Шардара аудандарының тұрғындары теледидарларын заманауи сападағы бейне мен дыбысты тамашалай алады. Ал, Кентау, Түркістан қалалары мен Созақ ауданындағы жаңа станциялар осы жылдың 2,3 тоқсанында іске қосылады.
Ortkom.kz