ОҚО дағы Түркістандықтар жаңа оқу жылына бірыңғай мектеп формасын арнайы орталықтан алады. Қалада үдемелі индустриалды -инновациялық даму бағдарламасы аясында тігін цехы іске қосылған. Жеке кәсіпкер Имажанов мемлекеттен несие алып, 100 азаматқа жұмыс орнын ашып отыр.Қазір мұнда мектеп формаларынан бөлек, балалар киімдері мен күртешелер тігіледі. Гүлжамал Даханова – Түркістан қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы «Өнім көлемі көптеу болсын деп, біз өзіміз қала әкімдігі тарапынан мектеп ұжымдары мен кәсіпкер арасында ұзақ мерзімді меморандум түздік.+бұл кәсіпорынның әлеуеті артып отыр. Өнімдерінің сапасы жоғары екені көрініп тұр. Фабрикаға алынған аппараттар мен қондырғылардың да сапасы жоғары». Тігін цехының іске қосылғанына бір жылға жуықтады. 100 орынға лайықталған кәсіпорында қазір небары 20 адам жұмыс істейді. Маман тапшылығы сезіледі. Сондықтан, жергілікті кәсіптік колледж студенттерін дуальді оқыту бойынша еңбекке тарту жоспарланып отыр. Құрмангүл Сапарбаева – Тігінші «Қазақша көйлектер тігеміз. Мектеп формалары мен шортылар тігеміз тапсырысқа қарай. Айлығымыз 45-50 мың теңге. Жаңа жұмысшылар келсе, үйретуге де дайынбыз». Тігін цехында «Жастар практикасы» бағдарламасы негізінде жұмыс істеп жүргендер көп. Солардың бірі — Зухра Апакаева. Қолына тігінші мамандығының дипломын ала сала, осында келген. Үш айдан бері біраз істі игерді.Зухра Апакаева – Тігінші»Жұмысым жақсы, осы жерде барлығын үйрендім. Әлі де үйреніп жатырмын. Құдай қаласа, алты айдан кейін осы жерге тұрақты жұмысқа қаламын деп ойлаймын. Қазіргі жалақым — 43 мың теңге». Біздің елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке мейлінше қолдау бар. Неси алып, ісін дөңгелеткен Имажановтардан жергілікті билік те көмегін аямайды. Көне шаһарда дәл осындай тігін цехы жоқтың қасы. Аядай ғана кәсіпорын Түркістанда шығарылатын өнімдердің негізгі брендін қалыптастыруда.
ПЕРИЗАТ Биназарқызы