Оңтүстік Қазақстан облысында 130-дан астам этнос өкілдері бар. Ұнтымағы ұйысқан ұлттың бірі – гректер. Күні кеше Грекияның Қазақстандағы елшісі — Александрос Катранис оңтүстікке қандастарын арнайы іздеп келді. Мәртебелі мейман Шымкенттегі Ассамблея орталағында болып, ондағы грек этномәдени бірлестігінің жұмыс барысымен танысты. Қазақстандағы Грекия елшілігіне қызметке келгеніне небәрі 1 жыл болған Александрос Катранис үшін бұл іссапардың маңызы зор. Мәні ерекше. Мәдени басқосу барысында ол өз қандастарының хал-жағдайын біліп қана қоймай, татулықты ту ететін тың жоба әзірлеп келіпті. Қазақ-грек арасында алтын көпір орнатпақшы. Жергілікті халықты бизнес-әріптестік негізінде жұмыс істеуге шақырды. Александрос Катранис – Қазақстандағы Грекия елшісі «Екі жақты байланыс орнату – әр кездесудің негізгі мақсаты ғой. Мәселен, Грекиядағы Қазақстан елшілігі бүгінгі таңда өз жұмысын жақсы атқаруда. Ендігі, бізді қызықтырып жүргені – экномикалық байланыс орннатып, екі жақты елдердің инвесторларын жобаға тарту. Қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер өте көп.Біз Қазақстанға не бере аламыз дегенге келсек, біздің жаңа технологиямыз, өндірісіміз жіне ауыл шаруашылығымыз жақсы дамыған». Соңғы жылдың деректері бойынша, оңтүстікте 1000-нан аса грек мекендейді. Олардың басым бөлігі — Шымкентте. Мақтарал ауданы мен Кентау қаласында да осы ұлт өкілдері көп кездеседі. Ал, олардың көкейдегі сауалына жауап беретін грек этно-мәдени бірлестігі 1990 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Дмитрий Сидиропуло — «Ирини» грек этно — мәдени бірлестігінің төрағасы «Біз грек тұрғындармен қанағаттанарлықтай жұмыс істейміз. Олардың көбісі – Грекия азаматтығын алуға, немес уақытша виза аштыртуға келеді. Алайда, тұрақты Грекияға барғысы келетіндер жоқтың қасы. Өйткені, олар үшін Грекияда жұмыс табылуы қиын». Грекияда жұмыссыздық мәселесі өршіп тұр. Әйтсе де, көпұлтты Қазақстанда оларға өмір сүруге ыңғайлы орта қалыптасқан. Осыны ескерген елшілік екі ел арасындағы кәсіпкерлік байланыс барысында халықты тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
АЙЗАТБауыржанқызы